Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру

Ағымдағы жылғы 3 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстық департаменттерінің ұжымдарына семинар өткізді.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, яғни мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдебі және мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі.

Бірінші мәселе бойынша сөз сөйлеген Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық нормаларды сақтануы мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңында көрініс тапқан мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесінің негізгі ережесі, жеке жұмыс жоспарын құру туралы жаңалықтар туралы баяндап берді.
Семинар барысында келіп түскен сұрақтардың барлығына жауаптар берілді.
