Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Солтүстік Қазақстан облысының экологтары мемлекеттік қызметтің мансаптық моделін талқылады

Ағымдағы жылғы 4 мамырда Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен облыстық Экология департаментінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жаңашылдықтарын түсіндіру жөнінде ақпараттық семинар өткізілді.

Аталған заң үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын тәжірибелік жүзеге асыру аясында күшіне енген болатын.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.Б. Мұхамеджанова жиылғандарды «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелерімен таныстырып, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібінің жаңғыруы, үш кезеңді қамтитын конкурстық іріктеу үрдісінің күшейтілуі және «Е-қызмет» ББЖ қызмет бабында пайдаланудың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Бұған қоса, облыс экологтары мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне қатысты мәселелерді белсенді талқылады.

Олардың барлығына Департамент өкілі тиісті жауаптарын берді.

 
0
0
393

Осы тақырып бойынша

Солтүстік Қазақстан облысының экологтары мемлекеттік қызметтің мансаптық моделін талқылады - Yvision.kz