Қаржы полициясы агенттігінде пара беру фактілерінің жолын кесу жұмысының нәтижелеріне арналған брифинг өтті
Ағымдағы жылғы 10 қазанда қаржы полициясының ресми өкілі М.Жұманбай пара беру фактілерінің жолын кесу жұмысының нәтижелеріне арналған брифинг өткізді. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті көріністерінің бірі болып табылады. Қатаң қылмыстық жауапкершілікке пара алатын шенеуніктермен қатар пара беретін тұлғалар да тартылады. Пара бергені үшін қылмыстық заңнамамен ең ауыр жаза ретінде мүлкін тәркілеумен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Пара берген адам, егер оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қаржы полициясы парақорлықпен, оның ішінде пара берумен күресті күшейтті. Мәселен, егер өткен жылы пара беру фактілері бойынша қа…