Қаржы полициясы органдарының туы мен нышандарын ресми тапсыру салтанаты
2002 жылдың 2 желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамдағы тұлғаларына арналған ант мәтiнiнің бекітілуі қаржы полициясы органдарының мәртебесін нығайтуда маңызды қадам болды, деп хабарлайды BNews.kz. 2003 жылдың 8 қаңтарында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, аталған заңда қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқықтары белгіленген. 2003 жылдың 10 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының туы мен нышаны бекітілді. 2003 жылдың 1 сәуiрінде Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агент…