Алматы қаржы полицейлерінен балалар үйіне барды
Наурыз мейрамы және қаржы полициясы органдарының құрулуының 20 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Алматы қаласындағы №1 Қалалық арнайы балалар үйіне барды.
Департаменттің қызметкерлері балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді Наурыз мейрамымен құттықтап, әртүрлі сыйлықтар таратты.
Өз кезегінде балалар үйінің әкімшілігі балаларға көңіл бөліп келген қонақтарға өз алғысын білдірді.