«Қаржы полициясының 20 игі ісі»
Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері тұрмысы төмен отбасына әлеуметтік көмек көрсетті
Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Қаржы полициясы органдарының құрулуының 20 жыл толуына орай «20 игі іс» акциясы аясында әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыруда.
2014 жылғы мамыр айында Департамент қызметкерлері өздерінің жеке табыстары есебінен 2014 жылғы ақпан айында өрттен зиян шеккен тұрмысы төмен отбасы, жалғыз басты ана Н.Д. Жанабековаға көмек көрсетті. Қаржы полицейлері Н.Д. Жанабековаға төл құжаттарын қалпына келтіруге, терезелерін ауыстыруға, сонымен қатар, жанұясына теледидар және балаларға әр түрлі сыйлықтар берді.