Қаржы полициясы агенттігі бюджеттік қаражатты ұрлау және жалған кәсіпкерлікпен айналысқан кезекті ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі
Қаржы полициясы агенттігі Ақтөбе қаласында бюджеттік қаражатты ұрлау және салық төлеуден жалтару мен ақша қаражатын заңсыз қолма-қол ақшаға аудару бойынша қызмет көрсетумен 4 жыл бойы айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Ширяев басқарған Пикурин, Қазтаев және тағы 9 адам кірген қылмыстық топ өздеріне тиесілі фирмалар арқылы әлеуметтік маңызды объектілердің құрылысы мен қайтақұру барысына бюджеттік қаражатты ұрлау мақсатында мемлекеттік сатып алулар конкурстарына қатысқан. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Ақтөбе облысындағы 5 объектінің құрылысы барысында 1,9 млрд.теңге бюджет қаражатын ұрлаған, бұл қаражат қылмыстық топтың мүшелерімен тіркелген жалған кәсіпорындардың есеп-шоттары арқылы шығарылып қолма-қол ақшаға аударылған. Оған қоса, ұйымдасқан қылмыстық топ 2…