Қаржы полициясы агенттігі Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының директоры басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі
Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері ұзақ мерзімді жедел іздестіру іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының директоры Оразақынов басқарған және оның қарамағында жұмыс істейтін Жылжымайтын мүлік орталығының 5 аудандық бөлімшелерінің бастықтарының құрамындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.
Тергеумен анықталғандай, Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының директоры Оразақынов 2012 жылғы шілдеде ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Қылмыстық топтың құрамына оның көмекшісі Е.Әсенов және Алматы қаласының жылжымайтын мүлік орталығының Әуезов, Түрксіб, Алатау, Медеу және Бостандық аудандары бөлімдерінің бастықтары Д.Маусымбаев, С.Шантиев, К.Қоңырбаев, М.Садыбаев және А.Исабеков кірген.
Ұйымдасқан қылмыстық топ жылжымайтын мүліктің техникалық куәліктерін рәсімдеу және тұрғын бөлмелерді қайта жоспарлауды жылдам заңдастыру үшін жүйелі түрде азаматтар мен ұйымдардан пара алумен айналысқан.
Жылжымайтын мүлік орталығының аудандық бөлімшелерінің бастықтары азаматтар мен заңды тұлғалардан пара алып, оның бір бөлігін ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Оразақыновқа «кассир» рөлін атқарған оның көмекшісі Асенов арқылы беріп тұрған.
Оразақынов орта есеппен әр аптаның соңында Әсенов арқылы 80 мыңнан 225 мыңға дейін алып тұрған.
2012 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында прокуратура санкциясымен қаржы полициясы қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Оразақановтың 1,5 млн.теңге сомадан аса пара алғаны бекітілді.
2012 жылғы 10 желтоқсанда Оразақыновқа қатысты Қаржы полициясы агенттігі ұйымдасқан топпен бірнеше рет пара алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сол күні Оразақынов ұсталды, 14 желтоқсанда ол сот санкциясымен қамауға алынды.
2013 жылғы 20 мамырда Оразақыновқа және оның сыбайластарына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оның қызметіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда Маусымбаев, Шантиев және Қоңырбаев та қамауға алынды, қылмыстық топтың басқа мүшелеріне қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.
Бейнематериалды келесі сілтеме арқылы көруге болады http://www.youtube.com/watch?v=wFovCuwEe9s
