Мазмұнға өту
finpol

Финансовая полиция

@finpol

Сайтта 2010 ж. 29 шілдеКазахстан, Астана

Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция)

рейтинг

100

жазбалар

326

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

0

Астананың қаржы полициясы пара алды деген күдікпен Тәуелсіздік Сарайы директорының орынбасарын ұстады

Ағымдағы жылғы 30 сәуірде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері объектінің өртке қарсы күзеті және өрт сөндіру жүйесін қамтамасыз етудің мемлекеттік сатып алу келісім-шартын жасауға көмектесуі үшін «Арлан Системс НС» ЖШС директорынан 576 мың теңгені пара ретінде алды деген күдікпен «Тәуелсіздік Сарайы» МҚКК директорының коммерциялық сұрақтар бойынша орынбасары Е. Зейнелгабдин және осы мекеменің мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы М. Бақтыбаевты ұстады.

Осы күні аталған тұлғаларға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

3 мамырда Зейнелгабдин мен Бақтыбаев сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

0
0
290

Финансовая полиция Астаны задержала со взяткой заместителя директора Тәуелсіздік Сарайы

30 апреля текущего года сотрудники Департамента финансовой полиции г.Астаны по подозрению в получении взятки в сумме 576 тыс.тенге от директора ТОО «Арлан Системс НС» за оказание содействия в заключении договора государственных закупок услуг пожарной охраны объекта и обслуживания системы пожаротушения задержали заместителя директора по коммерческим вопросам ГККП «Тәуелсіздік Сарайы» Зейнельгабдина Е. и руководителя отдела государственных закупок указанного предприятия Бактыбаева М.

В этот же день в отношении последних возбуждено уголовное дело по факту получения взятки.

3 мая с санкции суда Зейнельгабдин и Бактыбаев арестованы.

Уголовное дело расследуется, результаты расследования будут доведены до общественности.

0
0
275

Қайырымдылық және мейрімділік әлемді құтқарады

Әріптестік туралы меморандумға қол қою аясында Қостанай облысы бойынша Қаржы полиция департаменті «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Қостанай облысы филиалымен осы санаттағы балаларға нақты көмек көрсетіліп отыр.Біздің ведомство «Нұр Отан» ХДП-сы құқыққорғау органыдары ардагерлері кеңесінің партия ұйымымен бірлесе отырып, балалар үйінің түлегі Айнұр Серікқызы Бекенованы қамқорлығына алып, оған Рудный қаласында тұрғын үй бөлінді. Жайлы тұру үшін және тиімді жұмыс істеу үшін үйдегі ыңғайы әрбір адамға қажет. Қаржы полициясы қызметкерлерінің ақшалай қаражаттарына Айнұр ең қажетті заттармен ғана қамтылып қоймай, оған тағы келесі нәрселер сатып алынды:-екі комплекті көрпе жастық тыстары,-жиhаздар жинағы,-ас бөлмесіне керек жарақтары және ыдыстар, -тұрмыстық техника және плазмалық те…

1
0
885

Бүгін, 2013 жылғы 24 сәуірде, Қаржы полициясы агенттігінде баспасөз мәжілісі өткізіледі.

Бүгін, 2013 жылғы 24 сәуірде, сағат 12.00-де Қаржы полициясы агенттігінде (Астана қ-сы, Сейфуллин к-сі 37) Атырау облысының лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша баспасөз мәжілісі өткізіледі.

0
0
236

2013 жылғы 16 сәуірде Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды/стратегияларды жасау және іске асыру саласында тәжірибемен алмасу» тақырыбында халықаралық семинар өз жұмысын бастады.

Семинарды Қаржы полициясы агенттігі БҰҰ-ның Ортылық Азиядағы есірткі мен қылмыстылық бойынша басқармасы кеңсесі (ЮНОДК), Экономикалық өзара іс-қимыл және даму ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және өзара іс-қимыл жөніндегі ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып өткізеді.Үш күндік халықаралық семинар Орталық Азия елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды әзірлеу, мониторингтеу және оларды іске асыруды бағалау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды жасау және жүзеге асыру, оның ішінде стратегия, бағдарлама, жоспар және/немесе арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң саласында байланыстар орнату, сондай-ақ тәжірибемен алмасуға бағытталған.Семинарға Ұлыбритания, Швейцария, АҚШ, Ресей Федерациясы, Түркия, Хорватия, Корей Республикасы, Малайзия, Қырғызстан, Тәжікістан, Түр…

0
0
332

«Қорғас» бойынша қылмыстық іс сотқа тапсырылды

Бүгінгі күні айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысу және ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істің материалдарымен таныстыру процедурасы аяқталуда. Ағымдағы жылғы 3 сәуірде 1575 томды құрайтын қылмыстық істің материалдары әрі қарай сотқа тапсыру үшін айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокуратурасына жолданды. 11 сәуірде қылмыстық іс материалдарын мәні бойынша қарау үшін Мамандандырылған әскери сотқа жіберу басталды. Бұл қылмыстық істер бойынша айыпталушы ретінде 45 тұлға өтіп отыр, олардың 42-сі қамауда, 3-не қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бұдан басқа, 19 адам іздеуге жарияланған, оларға…

0
0
386

Қаржы полициясы агенттігінде жоғары лауазымдарға тағайындалу үшін кепілдеме енгізілуде

Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков қаржы полициясы органдарына қабылдау және жоғары тұрған лауазымдарға тағайындау үшін қаржы полициясының екі қызметкерінің кепілдемелерінің қажеттігін бекітетін бұйрыққа қол қойды.Құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл қызмет атқарған және күшіндегі тәртіптік жазасы жоқ қаржы полициясы органдарының қызметкері кепілгер бола алады.Жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ауысатын қызметкерлерге олардың лауазымдарынан жоғары тұрған немесе тең дәрежелі лауазымдардағы кепілгерлердің өзінің тікелей басшылығындағыларды қоспағанда кепілдемесі қажет.Аталған шара қаржы полициясы жеке құрамының жауапкершілігі мен тәртібін күшейтуге мүмкіндік береді.Кепілдеме берілген адам тиісті лауазымға тағайындалған уақыттан екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқ…

0
0
449

Қаржы полициясы агенттігі құқықтық көмек көрсету фирмасының директорын ұстады

2012 жылғы 27 желтоқсанда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері құқықтық көмек көрсету компаниясы – «Арлан-Қасқыр» ЖШС директоры Тлеухан Айдарханды ұстады. Ол М. деген азаматты Павлодар облыстық сотының лауазымды тұлғаларына азаматтық іс бойынша керек решім қабылдау үшін 30 мың АҚШ долларын пара ретінде беруге азғырған деп айыпталуда.
Айдарханды ұстау кезінде ол М. деген азаматтан алған 4,5 млн.теңге ақшалай қаражат алынды.
Айдарханның 2005 жылы Ақмола облысының Жарқайын аудандық сотыныңы төрағасы болған кезінде пара алғаны үшін сотталғандығы анықталды.
Оған қатысты пара беруге азғыру және алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

1
0
652

Қаржы полициясы агенттігі ұзақ уақыт бойы ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға ауыстырып отырған адамдар тобының қызметін әшкереледі

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде коммерциялық ұйымдарға жалған кәсіпорындардың есеп-шоттары арқылы ұзақ уақыт бойы ақшалай қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға ауыстыру бойынша қызмет көрсетіп келген адамдар тобының қызметін әшкереледі.Ағымдағы жылғы 14 ақпанда Астана қаласының мейрамханаларының бірінде кәсіпорынның жойылу процедурасын тездету және жалған мәмілелер жасағаны үшін жауапкершіліктен жалтаруға көмектесу үшін салық органдарының қызметкерлеріне беремін деген желеумен кәсіпкерден 7 млн. 420 мың теңге және 7 мың АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай қаражатты алу үстінде Б.Баймағамбетов пен А.Сқақов ұсталды.Олардың кеңсесін тінту барысында 12 жалған кәсіпорынның құрылтай құжаттары мен мөрлері алынды.15 ақпанда Баймағамбетов пен Сқақовқа қаты…

1
0
367

Ағымдағы жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бірінші орынбасары А.Лукин «Нұр Отан» ХДП-да азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.

Бұл кездесуге әр түрлі облыстардан келген тұрғындар өздерінің сұрақтарын тікелей Қаржы полициясы агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары А.Лукинге қойып, толыққанды жауап алды. Қабылдауда  азаматтардан түскен арыздарды А.Лукин тез арада қарау және орындау бойынша нұсқаулар берді. Барлығы 7 арыз қаралды. Кездесуге келген азаматтардың кейбір сұрақтары әрі қарай тексеріс жүргізу үшін қадағалауға алынды. Жеке қабылдауларды өткізу азаматтардың өзекті мәселелерін нақты шешуге, қаржы полициясы органдарының қызметіне деген сенімнің артуына ықпал етеді.

http://www.finpol.kz/kaz/info/new/

0
0
318