Мазмұнға өту
finpol

Финансовая полиция

@finpol

Сайтта 2010 ж. 29 шілдеКазахстан, Астана

Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция)

рейтинг

100

жазбалар

326

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

0

Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істейтін ұлты қазақ емес өкілдерінің арасында шығармашылық сайыс өткізілді

Астана күнін мерекелеуге байланысты және мемлекеттік тілді дамыту бойынша мәселелерді шешу мақсатында Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істейтін ұлты қазақ емес қызметкерлердің арасында шығармашылық сайыс өткізілді.Шығармашылық сайыстың жеңмпаздарын анықтау барысында сайысқа қатысқан қызметкерлердің жазған шығармалары ғана қаралмай, 2013 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде мемлекеттік тілде әзірлеген құжаттарына талдау жасалды.Нәтижесінде, Агенттіктің Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаментінің инспекторы Илья Скуб – 1 орынды, Ұйымдастыру-бақылау департаменті-инспекциясы кезекші бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Денис Водилов – 2 орынды, Арнайы департаменттің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Роман Лагутин мен Э…

0
0
427

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары В.Орманчина іздеуге жарияланды

Ағымдағы жылғы 11 маусымда Қаржы полициясы агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары В.Орманчинаға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғады. Ол Шардара қаласының 2 мектебінің оқу корпустары, спорттық залдары мен қазандықтары құрылысының жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алулардың электрондық конкурстары бойынша оң шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін ЖШС директорынан 866 мың теңге сомасында пара алған деп күдіктенуде. Бұрын біз хабарлағандай, Орманчинаға қатысты мемлекеттік сатып алулар конкурстарында жеңімпаз атану үшін тұтунышы кооперативінің төрағасынан бопсалау арқылы жалпы сомасы 6 млн.теңге пара алған фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. 13 маусымда Орманчинаға сырттай айып тағылып, 3 шілдеде ол із…

0
0
584

Қаржы полициясы «Богви» ЖШС директоры В.Богданецке қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады

Ағымдағы жылғы 13 шілдеде Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті «Богви» ЖШС директоры В.Богданецке қатысты 2012 жылы «Богви» ЖШС-нің нан қабылдау кәсіпорындарында сақтауда жатқан «Казахстанская зерновая компания» ЖШС-не тиесілі жалпы сомасы 710 млн.теңгені құрайтын 18,5 мың тонна мөлшеріндегі бидайды талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұдан басқа, 2013 жылы 15 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті «Управляющая компания Богви» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар 2012 жылдың басында егістік алқабы бар туралы жалған мәлімет беру арқылы «Азық-түлік корпорациясы» ұлтық компаниясы» АҚ Солтүстік Қазақстан өкілдігінен «Киевское-Север» ЖШС-де көктем егістік және жинау жұмыстарын ж…

0
0
412

Қаржы полициясы мұнайдың заңсыз айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі

Арнайы операцияның нәтижесінде Қаржы полициясы агенттігі мен Ақтөбе облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері 2012-2013 жылдары Ақтөбе қаласында заңдылығын растайтын құжатсыз мұнайды тасымалдау, сатып алу және сатумен айналысқан, сондай-ақ жалған декларациялау арқылы кедендік идентификацияның нысандарын жалған пайдалану жолымен Кедендік Одақтың кедендік шекарасынан мұнай өнімдерін аса ірі көлемде өткізуге оқталған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Ағымдағы жылғы 5 шілдеде қылмыстық топтың мүшелері – Қазақстанның 6 азаматы мен Молдова Республикасының 2 азаматы ұсталды. Топтың мүшелері өздерінің қылмыстық қызметін қаражыландыру үшін Багам аралдарындағы банктік есеп-шоттарды пайдаланған. Ұйымдасқан қылмыстық топ Ақтөбе облысындағы консервацияланған мұнай өнд…

0
0
236

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Қытай Халық Республикасынан 2010 жылдан іздеуде жүрген азаматты экстрадициялады

Ағымдағы жылғы 7 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері «Акмоласвязьстрой» АҚ-на тиесілі 239,5 млн.теңгені ұрлады деген айыппен 2010 жылғы наурызда халықаралық іздеуге жарияланған Д. Кеделбаевты Қытай Халық Республикасынан экстрадициялады.

Кеделбаев ағымдағы жылғы маусымда Бейжін қаласында ҚХР құқыққорғау органдарымен ұсталған болатын.

Ол «Акмоласвязьстрой» АҚ-на тиесілі 2 ғимаратты және автожуу орнын өз атына заңсыз рәсімдеп, кәсіпорынға 239,5 млн.теңге залал келтірді деп айыпталуда.

Бүгінгі күні ол Астана қаласының ІІД тергеу абақтысына тоғытылды.

0
0
242

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы психо-неврологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдарға жүргізуші куәліктерін беру фактісінің жолын кесті

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы Департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің қызметкерлері денсаулық сақтау мекемелерімен жүргізуші куәліктерін алу үшін медициналық анықтаманы беру заңдылығы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталуына талдау жүргізді. Жүргізілген талдаумен 2009-2012 жылдары аралығында жүргізуші куәліктері психо-неврологиялық ақауларымен психо-неврологиялық ауруханада тұрақты түрде есепте тұрған 28 тұлғаға берілгені анықталды. Сондай-ақ ІІД ЖПБ-да жүргізуші куәліктерін алған 57 азамат наркологиялық диспансерде тұрақты түрде есепте тұрғандығы анықталды. Тексеру шаралары нәтижесінде, қазіргі уақытта Департаментпен ҚР ҚК 325 бабының 1 және 3 тармақтары бойынша наркологиялық диспансерде тұрақты түрде есепте тұрған тұлғаларға қатысты 6 қылмыстық іс қозғалып, сотқа…

0
0
311

Қаржы полициясы «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады

Ағымдағы жылғы 14 маусымда Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаменті «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының басшылығына қатысты аса ірі мөлшерде қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. «Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының бастығы О.Абаев пен филиалдың құқықтық қамтамасыз ету секторының бастығы Қ.Үмбетовке 2012 жылғы маусымнан желтоқсан аралығында филиалдың бөлімшелеріне қажетті көмір мен отынды мемлекеттік сатып алудың жалған конкурсын өткізу арқылы 6,8 млн.теңге қаражатты ұрлады деген күдік тағылып отыр. Ағымдағы жылғы 20 маусымда филиалдың құқықтық қамтамасыз ету секторының бастығы Қ.Үмбетов ұсталып уақытша ұстау абақтысына тоғытылды, 21 маусымда сот санкциясымен қамауға алынды. Абаев ешқайда кетпеу туралы қолхат берген. Қылмыстық іс тергелуде, оның нә…

0
0
301

Қаржы полициясы прокуратура қызметкеріне пара беруге әрекет жасаған шенеунік пен кәсіпкерлерді қылмыстық жауапқа тартуда

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Атырау қалалық тұрғын комиссиясының инспекторы А.Байқұтовқа және бірнеше мердігерлік кәсіпорындардың басшыларына қатысты ірі көлемде пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 2011-2012 жылдар аралығында тұрғын үй-коммнуналдық шаруашылықты модернизациялауға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын тексеру нәтижесінде Атырау қаласының прокуратурасы қалалық тұрғын комиссиясы мен бірнеше мердігер ұйымдардың тарапынан орын алған құрылыс материалдарының сметалық құжаттамаға сәйкес келмеуі сипатындағы бұзушылықтарды анықтады. Осыдан кейін Атырау қалалық тұрғын комиссиясының инспекторы Байқұтов тергеуге дейінгі тексерісті өз пайдасына және «ЕвроАзияКұрылыс», «ӨмірСерікҚұрылыс», «КаспийЛифт» және «Верцхли» кәсіпорындарының пайдасына ше…

0
0
298

Қаржы полициясы Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығын қамауға алды

2013 жылғы 18 маусымда Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы А.Ысқақбеков пен оның орынбасары Л.Кимге қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар мемлекеттік сатып алу бойынша тендерді өткізу кезінде қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланып, мемлекет және кәсіпкерлер мүдделеріне нұқсан келтірген. Тергеуге сәйкес Ысқақбеков кейбір кәсіпкерлерге артықшылық беруді көздейтін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсын өткізудің қылмыстық схемасын жасаған. Ол мемлекеттік сатып алу арыздарын қарайтын комиссияның төрағасы болған өзінің орынбасары Ким арқылы конкурсқа қатысушылардың санын шектеу мақсатында кейбір арыздарды алып тастап отырған. Конкурс ережел…

0
0
650

Астана қаласы «Отан ана» алаңында Қаржы полициясы академиясы курсантарының салтанатты шығарылымы өтеді

2012 жылғы 22 маусымда сағат 10-00-де Астана қаласы "Отан ана" алаңында Қаржы полициясы академиясының 12-ші шығарылымы өтеді. Осы күні «Заңтану», «Құқық қорғау қызметі» және "Кеден ісі" мамандықтары бойынша білім алған Академияның 114 тындаушысы қаржы полициясы және кеден қызметі офицерлерінің қатарына қосылады. Академияның жеке құрамының, сондай-ақ қонақтар мен тыңдаушылардың ата-аналары назарына салтанатты шығарылым рәсіміне арналған шеру болады. Оқу алаңында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен курсанттардың мерекелік маршы жоспарланған. Оған қоса Академия тыңдаушыларының қызметтік оқу-жаттығулары мен ұрыс тәсілдері көрсетіліп, дәстүр бойынша тыңдаушылар қоштасу бал биін орындайды.Қаржы полициясы академиясы 1999 жылғы 18 тамызда құрылған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет Басшыларының…

0
0
884