ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қаржы полициясы Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығын қамауға алды

2013 жылғы 18 маусымда Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы А.Ысқақбеков пен оның орынбасары Л.Кимге қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Олар мемлекеттік сатып алу бойынша тендерді өткізу кезінде қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланып, мемлекет және кәсіпкерлер мүдделеріне нұқсан келтірген.

Тергеуге сәйкес Ысқақбеков кейбір кәсіпкерлерге артықшылық беруді көздейтін мемлекеттік сатып алудың электрондық конкурсын өткізудің қылмыстық схемасын жасаған.

Ол мемлекеттік сатып алу арыздарын қарайтын комиссияның төрағасы болған өзінің орынбасары Ким арқылы конкурсқа қатысушылардың санын шектеу мақсатында кейбір арыздарды алып тастап отырған.

Конкурс ережелеріне сәйкес қатысушылар арыздардың электрондық нұсқаларын мемлекеттік сатып алу порталында орналастырады.

Ойнатылатын лоттардың санының көп болуына байланысты портал барлық арыздарды аралығы 5 сағат болатындай 2 кезеңге бөледі.

Қатысушыларға қатысты ақпаратты білетін Ысқақбеков пен Ким осы жағдайды пайдаланып, жеңіске жеткізу үшін өздерімен байланысты кәсіпкерлерге бағалық мәліметтерді жеткізіп отырған.

Нәтижесінде жалпы соммасы 16 млн.теңгені құрайтын жеке лоттар бойынша Ысқақбеков пен Кимге қатысты кәсіпкерлер жеңіске жеткен.

2013 жылғы 20 маусымда Ысқақбеков сот санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижесі жұртшылыққа жеткізілетін болады.