Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары В.Орманчина іздеуге жарияланды
Ағымдағы жылғы 11 маусымда Қаржы полициясы агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің Құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары В.Орманчинаға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғады.
Ол Шардара қаласының 2 мектебінің оқу корпустары, спорттық залдары мен қазандықтары құрылысының жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алулардың электрондық конкурстары бойынша оң шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін ЖШС директорынан 866 мың теңге сомасында пара алған деп күдіктенуде.
Бұрын біз хабарлағандай, Орманчинаға қатысты мемлекеттік сатып алулар конкурстарында жеңімпаз атану үшін тұтунышы кооперативінің төрағасынан бопсалау арқылы жалпы сомасы 6 млн.теңге пара алған фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
13 маусымда Орманчинаға сырттай айып тағылып, 3 шілдеде ол іздеуге жарияланды.
Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
