ru
Default banner
Разное
426 636 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Астана қаласы «Отан ана» алаңында Қаржы полициясы академиясы курсантарының салтанатты шығарылымы өтеді

2012 жылғы 22 маусымда сағат 10-00-де Астана қаласы "Отан ана" алаңында Қаржы полициясы академиясының 12-ші шығарылымы өтеді. 
Осы күні «Заңтану», «Құқық қорғау қызметі» және "Кеден ісі" мамандықтары бойынша білім алған Академияның 114 тындаушысы қаржы полициясы және кеден қызметі офицерлерінің қатарына қосылады. 
Академияның жеке құрамының, сондай-ақ қонақтар мен тыңдаушылардың ата-аналары назарына салтанатты шығарылым рәсіміне арналған шеру болады. Оқу алаңында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен курсанттардың мерекелік маршы жоспарланған. Оған қоса Академия тыңдаушыларының қызметтік оқу-жаттығулары мен ұрыс тәсілдері көрсетіліп, дәстүр бойынша тыңдаушылар қоштасу бал биін орындайды.
Қаржы полициясы академиясы 1999 жылғы 18 тамызда құрылған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет Басшыларының Кеңесі 2007 жылғы 25 мамырда Ялта қаласында Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) Қаржы полициясы академиясына ТМД-ға қатысушы елдердің салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі базалық ұйымы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады.
Бүгінгі күні Академия бойынша тыңдаушылар контингенті 436 адамды құрайды және олар күндізгі оқыту бөлімінде білім алады. Академиядағы оқу процесінің еліміздің жоғары және ведомстволық оқу орындарынан ерекшілігі құқықтану пәндерімен қатар экономикалық пәндерді тереңдетіп оқытуында. Тергеу-экономикалық және жедел-экономикалық мамандандырылу бойынша арнайы курстарды (экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу және тергеу әдістемесі, экономика саласындағы қылмыстарды саралау, алдын ала тергеу өндірісін ұйымдастыру және басқалар), саптық және атыс дайындығын зерделеуге үлкен көңіл бөлінеді. 
Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) мен Тәжікстан Республикасы мемлекеттік қаржыны бақылау және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің өзара келісім-шарт аясында қазіргі уақытта Академияда Тәжік елінен 10 тыңдаушы білім алуда.
2002-2012 жылдар аралығында Қаржы полициясы академиясын 1136 тыңтаушы аяқтады. 
Аталған шараға қатысуға ниет білдірген журналистерге 90-92-80,           90-92-89 телефондары арқылы 21 маусымның сағат 17.00-ге дейін аккредитациялаудан өту қажет.