Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы психо-неврологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдарға жүргізуші куәліктерін беру фактісінің жолын кесті

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы Департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің қызметкерлері денсаулық сақтау мекемелерімен жүргізуші куәліктерін алу үшін медициналық анықтаманы беру заңдылығы бойынша  Қазақстан Республикасы заңнамасын сақталуына талдау жүргізді.

Жүргізілген талдаумен 2009-2012 жылдары аралығында жүргізуші куәліктері психо-неврологиялық ақауларымен психо-неврологиялық ауруханада тұрақты түрде есепте тұрған 28 тұлғаға берілгені анықталды. Сондай-ақ ІІД ЖПБ-да  жүргізуші куәліктерін алған 57 азамат наркологиялық диспансерде тұрақты түрде есепте тұрғандығы анықталды.

Тексеру шаралары нәтижесінде, қазіргі уақытта Департаментпен ҚР ҚК 325 бабының 1 және 3 тармақтары бойынша  наркологиялық диспансерде тұрақты түрде есепте тұрған тұлғаларға қатысты 6 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу негізінде сотқа жолданды.

Аталған санаттағы анықталған адамдарға қатысты материалдар жинау бойынша жедел құрылымдардың жұмысы жалғасуда.

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы мен ІІД-не есепте тұрған тұлғаларға анықтама берген наркологиялық және психо-неврологиялық диспансерлердың жауапты қызметкерлерін  және  аталған тұлғаларға жүргізуші куәліктерін берген және автоқұралдарды басқаруда жүргізуші құқығын  алу бойынша тиісті шаралар қолданбаған ІІД Жол полициясы басқармасының қызметкерлерін тәртіптік жауапкерлікке тарту жөнінде ұсыныстар жолданды.

0
0
314

Осы тақырып бойынша

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы психо-неврологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдарға жүргізуші куәліктерін беру фактісінің жолын кесті - Yvision.kz