Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астаналық қаржы полицейлері салық басқармаларының қызметкерлеріне семинар өткізді

Астаналық Қаржы полициясы департаменті Астана қаласының              3 аудандық Салық басқармаларының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында семинарлар өткізді.

Кездесу шеңберінде департаменттің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Т. Байқалғанов, семинарға қатысушылардың назарына салық органдарында жасалған қылмыстар туралы ақпаратты жеткізіп, сыбайлас жемққорлық қылмыстарын жасағаны үшін ұсталған салық органдары қысметкерлері туралы мысалдарды келтірді.

Сонымен қатар, департаменттің ақпараттық-талдау бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік органдардың мәлеметтер базасында және басқа да ашық ақпарат көздерінен алынатын мәлеметтерді талдау бойынша жасалып жатқан жұмыстары туралы, жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша хабарланған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу туралы ережелермен таныстырды.

Шараның мақсаты – салық органдарының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпараттандыру, қылмыстарды болдырмау және олардың алдын алу.

0
0
416

Осы тақырып бойынша