Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлықпен күрес – тұрақты даму кепілі

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жастармен үнемі  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында семинарлар өткізеді.

Ағымдағы жылғы 30 шілдеде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс Қазақстан облысының аумақтық инспекциясында Департаменттің Заң қызметі бөлімінің басшысы А.К.Истюбекова сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары мен механизмдері туралы және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндама оқыды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында жасалған ролик пен қылмыстық істер бойынша бейне  материалдар көрсетілді.

0
0
391

Осы тақырып бойынша

Жемқорлықпен күрес – тұрақты даму кепілі - Yvision.kz