А.ж. 21 қазанында ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалин баяндады
1. Мұнай өнімдерінің нарықтағы жағдайы Қазақстандағы мұнай өндіру зауыттарының қуаты еліміздің нарығындағы ашық түсті мұнай өнімдеріне деген барлық сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Республикадағы мұнай өндіру зауыттарын мұнаймен толыққанды жүктегеннің өзінде, мұнай тапшылығы 30-40% құрайды, аталған тапшылық Ресей Федерациясынан, сонлай-ақ басқа да мемлекеттерден әкелінетін импорт есебінен толықтырылады. 2014 жылдың екінші жартыжылдығында орын алған бірқатар себептерге байланысты Ресейден әкелінетін мұнай өнімдерінің көлемі азая бастады. Қазақстанның ішкі нарығында орын алған жағдайды тұрақтандыру мақсатында Үкімет тарапынан жедел түрде бірқатар шаралар қолданылды: - ҚР мұнай өндіру зауыттарын мұнаймен жүктеу артты; - Шымкент мұнай өндіру зауытында жүргізілу керек болған жоспарлы құрылыс…