Қасиетті Бекет ата жері
Бағдарлама ортасынан өтті міне,
Бұл күнде келдік біз Бекет ата еліне.
Көреген, данышпан туған жүгіне,
Құдіретті Атыраудың беліне.
Ақ мешіт бар төрдің басында,
Салынған XVIII ғасыр ортасында.
Жерленген Бекет ата анасы да, атасы да,
Жайықтың саласының жағасында.


Қарсы алды бұл жерде жан-тәнімен,
Қадірлі жердің қайталанбас сәнімен.
Қасиетті құран бағыштаған соң,
Жанымыз толғанды батыстың әнімен.

Тұңғиықтан көрінген құдірет күш,
Жанымызды толғандырып, дір-дір етті,
Киіз үйдей мешітті көрген біздер,
Шуақтанып, таң қалып, толғып кеттік.
Бекет ата қасиетті адам бопты,
Заманның ғалымы, данышпаны,
Серіктес атамыз жер жайлы аңыз айтып,
Тілегін дұғаменен бағыштады.



Сәулеті мешіттің таңғажайып,
Мешітпен қатар зират жатыр кең жайылып,
Рамазанда мешіт сауап толтырады,
Жарық болсын бар жатқанның топырағы.



Келесі көріскенше...
Жазғандар: Апушев Еламан
Камал Нұралы
Редактор: Еслям Мақсат
