Рухани байлық деген...
Жалғадық біз бүгін кешегі істі,
Қызықтадық керемет көріністі.
Мұражай жеткізе алды бар сезімді
Жайнатты, таң қалдырды көзімізді.

Біз бардық көркемсурет мұражайға
Ұқсайды оның іші құлпынайға
Тәттісі сыртында емес, ішінде екен
Өнердің алдыңғы көшінде екен.
Көп екен қазақтың батысында,
Суреттер тарихтың қатысында
Әйгілі суретші аталарға
Алғысымыз шексіз ғой шындығында


Бүгінгі біздің барған жеріміз,
Атырау өлкетану мұражайы.
Тоқтамай түріліп жендеріміз,
Балдар* өлке тарихына құлақ жайды.

Үңіліп Атыраудың тарихына
Тамсанып ескерткішке сүйіндік біз.
Таң қалдырды мұражайдың құрамы да,
Рухымызды сезініп үйрендік біз.
Болды онда ғажап, дара Алтын адам,
Сарматтар алға басқан нағыз қадам.
Киімнің құдіреті көрініп тұр,
Ол туралы тамсанып, жанып жазам.

Көрінді тағы да бір, тағы, сөзсіз,
Атырау - қасиетті қазақ жері.
Қазақ жері түгел өзі ұлы емес пе,
Жүре берсең тоқтамай ары бері.
Тұғырлы түп тарихты басқа өрдік,
Сауыт-сайман, қол жазба, тасты көрдік.
Жан-жануар, киіз үй, арбаменен
Тұрмыстың керек заттың бәрін көрдік.


*Атырау облысындағы диалект мағ. Балалар
Келесі көріскенше...
Жазғандар: Апушев Еламан
Камал Нұралы
Редактор: Еслям Мақсат
