«Тиімді су пайдалану және үнемдеу: стандарттар мен тетіктер» тақырыбына семинар-тренингі
«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 19–20 маусымы аралығында «Тиімді су пайдалану және үнемдеу: стандарттар мен тетіктер» тақырыбына Су ресурстары комитетінің басқарма басшылары мен бассейн инспекциясы басшыларының орынбасары үшін семинар-тренинг өткізеді
Семинардың мақсаты – суды тиімді және ұтымды пайдаланудың халықаралық тәжірибесімен және технологияларымен таныстыру.
Семинар шеңберінде қатысушылар Қазақстан Республикасының 2014–2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарымен, ҚР су заңнамасындағы өзгерістермен, суды тиімді тұтыну мен суды үнемдеу саласындағы Германия және Финляндияның тәжірибесімен, суғару кезіндегі суды нормалау ерекшеліктерімен, суды тиімді пайдалану тетіктерімен танысатын болады.
Семинардың лекторлары ретінде “i+f process GmbH” (Германия), «Ahma Engineers» компаниялардың сарапшылар, ҚР Статистика агенттігі және т.б. өкілдері шақырылды.
Байланыс: Астана қ., Достық көшесі, 20,
«Санкт-Петербург» Бизнес-орталығы, 14-қабат,
тел. 8(7172) 277293, 277294
e-mail: [email protected]
