Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тіркелген тарифтер туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысы қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі № 128-V Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабы 4-тармағына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесі бар кәсіпкерлік субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тіркелген тарифтерді бекіту туралы актісі қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде мынадай схемалардың бірін:

1) ЖЭК өндірілетін электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізуді;

2) ЖЭК өндірілетін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген деңгейден аспайтын босату бағалары бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына өткізуді;

3) ЖЭК өндірілетін электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жасалған екіжақты шарттарға сай шарттық бағалар бойынша тұтынушыларға өткізуді таңдағаны туралы шешім қабылдайды және уәкілетті органға жазбаша хабарлама береді.

Жоғарыда жазылғандардың негізінде, сіздердің сәйкес электр энергиясын өндіру үшін ЖЭК пайдалану объектілерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға ағымдағы жылғы 14 шілдеге дейін Министрліктің атына Заңның жоғарыда көрсетілген схемалардың бірін таңдау туралы жазбаша хабарлама беруі туралы хабардар етулеріңізді сұраймыз.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-53/

 
0
0
274

Осы тақырып бойынша

Тіркелген тарифтер туралы - Yvision.kz