Қызылорда қаласының төңірегі жасыл желекпен көмкерілуде
"Хабар" ТА Қызылорда қаласының төңірегі жасыл желекпен көмкерілуде. Облыс орталығын шаңды желден қорғау мақсатында қолға алынған жобаға 879 миллион теңге бөлінген. Жалпы аумағы 467 гектар жерді орманды алқапқа айналдыру үшін мамандар тамшылатып суару технологиясын да қолданып көрмек. Қызылордада «Жасыл белдеу» жобасы осыдан 3 жыл бұрын басталған. Осы уақыт бедерінде 130 гектар жерге 102 мың түп ағаш көшеті отырғызылыпты. Кезінде тұзы мен шаңы көтеріліп жатқан тақыр жазық бүгінде орманды алқапқа айналып келеді. Мамандар ағаштардың тез тамыр жайып, көктеуі үшін Израиль елінде кеңінен қолданылатын тамшылатып суару әдісін қолға алуда. Бауыржан Шаменов, Қызылорда облысы табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы: - Жалпы Израиль технологиясы әлемде өз тиімділігін көрс…