Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Н. Қаппаровтың Тәжікстан сыртқы істер министрімен кездесуі жөнінде

2014 жылдың 16 маусымында Астанада Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров

Тәжікстан Республикасының сыртқы істер министрі  Сирожидин Асловпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы шеңберінде өзара әрекеттесудің тиімді негізде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар кездесу барысында екі ел арасындағы қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері қарастырылды.

Н. Қаппаров Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуімен қатар Орталық Азия елдерінің де «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қатысушы болып кіруіне мүдделі екендігін атап өтті.  Осы орайда ол Тәжікстанды аймақтағы мемлекеттердің «жасыл» жолмен дамулары үшін жағдай жасау мақсатында құрылып, «жасыл» технологиялардың трансфертін жеңілдетумен қатар, инвестициялар тарту арқылы су инфрақұрылымы, қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері салаларындағы жобаларды іске асыруға зор мүмкіндіктер тудыратын бағдарламаға қосылуға шақырды.

ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

 

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/06/104-54/

 
0
0
466

Осы тақырып бойынша

Н. Қаппаровтың Тәжікстан сыртқы істер министрімен кездесуі жөнінде - Yvision.kz