Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындар «жасыл» сертификаттармен ынталандырылады

Strategy2050.kz «Жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасы аясында Қазақстанда өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын «жасыл» сатып алуды енгізу жоспарлануда. «Құжаттың басты ерекшеліктерінің бірі өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын «жасыл» сатып алуды енгізу болып табылады. Мысалға, бұл негізінен өткелдер мен жолдар құрылысына қатысты. Қазіргі таңда жылуизоляциялаушы материалдар көптеп шығарылуда», – дейді ҚР ҚОСРМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Айдар Махамбет. Оның айтуынша, батыс елдерінде өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын «жасыл» сертификаттау жүйесі енгізілген. Айта кету керек, Қазақстанда қазіргі таңда «CT-KZ» сертификаты бар. «Жоспар бойынша «жасыл» сертификат беру жобасы алдағы уақытта кәсіпкерлікті ынталандыруда…

0
0
449

«Қатонқарағай» мен «Ақжайық» табиғи паркi Бүкiләлемдiк биосфералық резерваттар жүйесiне енді

ҚазАқпарат – Қазақстанның «Қатонқарағай» және «Ақжайық» табиғи парктерi ЮНЕСКО-ның Бүкiләлемдiк биосфералық резерваттар жүйесiне енгiзiлді. Бұл туралы Астанада ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың аймақаралық І кеңесі барысында мәлім болды. Тоқтала кететін жайт, ағымдағы жылдың маусым айында ЮНЕСКО-ның халықаралық үйлестiру кеңесiнің шешімімен Қазақстанның «Қатонқарағай» және «Ақжайық» табиғи паркi ЮНЕСКО Бүкiләлемдiк биосфералық резерваттар жүйесiне енгiзілген екен. Осыған орай, Ұлттық комиссиялардың бiрiншi өңiраралық кеңесi барысында арнайы сертификатты ЮНЕСКО Бас директорының өкiлi Эрик Фальт Қазақстанның Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровқа табыс етті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, екі табиғи парктен бөлек биыл Қазақстанның 8 нысаны ЮНЕСКО әлемдік мұр…

0
0
575

Қалдықтарды және қауіпті заттарды басқару мәселелері бойынша семинар

15-16 шілдеде Алматыда БҰҰДБ/ЖЭҚ/ҚР ҚОСРМ «Қазақстанда медициналық қалдықтарды ұлттық жоспарлау және ұтымды басқару процесіне орнықты органикалық ластағыштарды орындаудың, басқаруды кіріктірудің ұлттық жоспарын жаңарту» жобасын іске асыру шеңберінде қалдықтар мен қауіпті заттарды басқару, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту мәселелері бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шараға денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, экологтар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Семинардың мақсаты – жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдардың жоба туралы хабардарлығын арттыру, жұртшылықтың назарын аударту, өзара іс-әрекет процесін жақсарту. Семинардың жұмысы барысында қауіпті химиялық зат…

0
0
494

Балық шаруашылығы мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысын өткізу туралы

2014 жылғы 18 шілдеде ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Қанат Мұсапарбековтың төрағалығымен Балық шаруашылығы мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Жайық-Каспий балықшаруашылық бассейнінің өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында тауарлы балық өсіруді дамыту, балық ресурстарын, оның ішінде Жайық-Каспий бассейнінің бекіре балық түрлерін қорғау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, жұмыс тобы балық шаруашылығының өзекті мәселелерін шешу мақсатында, практикалық көмек және ұсыныстар дайындау үшін екі айда бір рет бассейндік принципке сәйкес отырыс өткізеді.

Ағымдағы жылы Балқаш-Алакөл және Ертіс балықшаруашылығы бассейндерінің өзекті мәселелері қарастырылған болатын.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-34/

0
0
246

Биыл ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұраларына 8 қазақстандық нысан қосылды

BNews.kz Биыл ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралары қатарына 8 қазақстандық нысан қосылды. Бұл туралы бүгiн ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиялардың бiрiншi өңiраралық кеңесi барысында Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi. «Табанды да баянды жұмыстардың негiзiнде ЮНЕСКО-ның әлемдiк мұралар тiзiмiне елiмiздiң үш тарихи ескерткiшi енгiзiлдi. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Яссауи кесенесi, Тамғалы петроглиф археологиялық тас кешенi, Сарыарқа және Солтүстiк Қазақстан көлдерi мен жазықтары, Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Биыл олардың қатарын елiмiздiң тағы да 8 тарихи нысаны толықтырып отыр. Елiмiздегi осындай жәдiгерлердiң әлемдiк мәдени құндылықтар қатарында дүниежүзiлiк мұралар тiзiмiне енуi тұтас халқымыздың арман-тiлегi мен риясыз пейiлiнiң кө…

0
0
274

Жайық өзенінің экологиялық түйткілдері сөз болды

www.24.kz Жайықтың суы жылдан жылға тартылып барады. Сол себепті ондағы балық қоры да азаюда. Бір кездері Жайықтың мақтанышына айналған бекіре уылдырық шашу үшін қарт Каспийден сонау Орынборға дейін көтерілетін. Осы күні Атыраудан әрі аса алмайды. Бұрын үлкен кемелер жүзген өзенде қазір шағын қайықтардың өзі қайраңдап қалады. Жайық – трансшекаралық өзен. Сондықтан туындаған түйткілдерді көрші елмен бірлесіп шешуге тура келеді. Дегенмен, жоғарыдан су келмей жатыр депауызды қу шөппен сүртіп, шарасыздық танытып, қарап отыруға тағы болмайды. Ресей сияқты біз де бөгет орнатып, канал қазып, үлкен су қоймаларын салуымыз керек. Су мол келетін көктем мезгіліндеқоймаларды суға толтырып, әрекет етуге әбден болады. Одан өзеннің төменгі ағысындағы Атырау облысы мен Каспий теңізіне ешбір зиян келмейтін…

0
0
658

«Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 23-24 шілдесінде «Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбына Экологиялық реттеу және бақылау комитеті аумақтық экология...

Семинардың мақсаты – қалдықтарды басқару және қоршаған ортаға әсерді бағалау саласындағы әлеуетті нығайту. Семинарда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру, өнеркәсіп кәсіпорындарында waste-менеджментті енгізу, иесіз қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату, күшті органикалық ластағыштарды басқару мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар семинар қатысушылары қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстанның халықаралық конвенцияларға байланысты міндеттерімен танысады және нормативтік құқықтық негіздері бойынша білімдерін жетілдіреді. Семинардың екінші күнінде ҚР-да қалдықтарды басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылауға байланысты дөңгелек үстел өтеді. Семинар лекторлары ретінде БҰҰДБ, Дүниежүзілік Банк жобасы, Фин Су Форумы, «Астанагенплан» ҒЗЖИ және т.б. маманд…

0
0
436