Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жайық өзенінің экологиялық түйткілдері сөз болды

www.24.kz

Жайықтың суы жылдан жылға тартылып барады. Сол себепті ондағы балық қоры да азаюда.
Бір кездері Жайықтың мақтанышына айналған бекіре уылдырық шашу үшін қарт Каспийден сонау Орынборға дейін көтерілетін. Осы күні Атыраудан әрі аса алмайды. Бұрын үлкен кемелер жүзген өзенде қазір шағын қайықтардың өзі қайраңдап қалады. Жайық – трансшекаралық өзен. Сондықтан туындаған түйткілдерді көрші елмен бірлесіп шешуге тура келеді. Дегенмен, жоғарыдан су келмей жатыр депауызды қу шөппен сүртіп, шарасыздық танытып, қарап отыруға тағы болмайды. Ресей сияқты біз де бөгет орнатып, канал қазып, үлкен су қоймаларын салуымыз керек. Су мол келетін көктем мезгіліндеқоймаларды суға толтырып, әрекет етуге әбден болады. Одан өзеннің төменгі ағысындағы Атырау облысы мен Каспий теңізіне ешбір зиян келмейтіндігін Орал қаласында өткенЖайық бассейнінің экологиялық ахуалына арналған жастар форумына қатысушылар. «Жайық өзені: Еуразиялық интеграцияның дамуы» деп аталған бұл шараға Орынбордан келген делегация мен еліміздің жастары және мәжілісмендер қатысты.
Самиғолла Оразов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әрине, Ресеймен де келіссөз жүргізіп, келісімшартқа тұруымыз керек. Бірлесіп бағдарлама жасауымыз керек. Бірақ, менің өз пікірім, біздер уақытты аздап өткізіп алған сияқтымыз. Заманауи технологиялар бар, жылдам құрылатын платиналар бар, енді Жайық өзенін жылына бір-екі рет жайылдырып алуымыз керек.
Елена Тарасенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазақстан тарапының Жайық өзені бассейнінің қазіргі экологиялық жағдайына байланысты жасаған келісімін Ресей Федерациясының табиғи ресурстар министрлігі мақұлдады. Оған биыл Атырауда өтетін Қазақстан-Ресей шекаралас аймақтарының форумында қол қойылады деген үміттеміз. Ол құжат екі елдің мамандарының басын қосып, арнайы комиссия құруға, экологиялық түйткілдер мен одан басқа да шешімін күтіп тұрған көптеген мәселелерді бірлесе отырып шешуге мүмкіндік берер еді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/07/105-31/

0
0
660

Осы тақырып бойынша