Мазмұнға өту
ecogovkz

Экология Министрлігі

@ecogovkz

Сайтта 2013 ж. 28 қаңтарКазахстан, Астана

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі

рейтинг

100

жазбалар

2 175

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Ағымдағы жылдың 11–13 тамызында Алматыда қала Әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның қала құрылысшылары одағы «Жасыл Академия» ҒБО-мен бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы „жасыл“ қала құрылысының басымдықтары» «Қазақстан-2014» XII қала құрылысшылары..

Форум аясында ҚР-ның «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі Тұжырымдамасын ойдағыдай іске асыру және ЭКСПО–2017 дайындық мақсатында «жасыл» құрылыс бойынша үшкүндік семинар-тренингі өтеді. Бұл ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған екінші семинар. Семинардың мақсаты – отандық құрылыс компанияларының «жасыл» экономика әдіснамасы және BREЕAM мен LEED халықаралық «жасыл» стандарттарын оқыту саласындағы әлеуетін арттыру. Оқу бағдарламасы «жасыл» принциптерді құрылыс саласына енгізу, экологиялық ғимараттардың ерекшеліктері, BREЕAM (Ұлыбритания) және LEED (АҚШ) халықаралық «жасыл» стандарттардың негізгі өлшемдері мен талаптары, осы стандарттар бойынша ғимараттарды бағалау мәселелерін қамтиды. Тренерлер ретінде CBRE (Ұлыбритания) компаниясының сарапшыл…

0
0
347

Квоталар бойынша биржалық саудалар өсуде

«Жасыл даму» АҚ Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квоталардың биржалық саудасы аса белсенді фазаға көшкенін хабарлайды. Әділет министрлігінде 2014 жылдың 1 сәуірінде 92/86 нөмірі бойынша тіркелген ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің 2014жылғы 27 ақпандағы №69-Ө бұйрығымен ҚР Қоршаған орта және су ресурстары Министрінің 11 мамыр 2012 жылғы № 151-п Бұйрығымен бекітілген парниктік газдар шығарындыларына және көміртегі бірліктеріне квоталар саудасы Ережесіне, оның ішінде квоталар бірліктерінің әрекет етуі мен орналастыру мерзімдерін ұзарту бөлігіне өзгертулер енгізді. Квота бірліктері айналымының мерзімін 2014 жылдың 8 тамызына дейін ұзартуға байланысты кәсіпорындар – табиғат пайдаланушылар парниктік газдар шығарындылары бойынша сауда операцияларын жүрг…

0
0
359

Дүниежүзілік банк «САРАТС» жобасының екінші кезеңіне қаржы бөледі

ҚазАқпарат – Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа және Халықаралық қаржы корпорациясының Орталық Азия елдері бойынша өңірлік менеджері Моазам Ахмед Меканмен «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаровтың қатысуымен САРАТС жобасының екінші кезеңін жүзеге асырудың алғышарттары талқыланды, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. Дүниежүзілік банк өкілдері қаржы бөлуге дайын екендіктерін жеткізіп, ғасыр жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруға ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен меморандумға қол қойды. Бүгінде Сыр өңірінің халықаралық ұйы…

0
0
554

Қазақстан мен Израильдің су саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойылды

2014 жылдың 10 шілдесінде Ақтауда Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров пен Израильдің «Мекорот» Ұлттық су компаниясының бас директоры Шимон Бен-Хамо екі ел арасындағы Қазақстанның су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойыды. Бұл құжатта тараптардың Қазақстанда заманауи үздік су жобаларын әзірлеуге, іске асыруға және басқаруға мүдделілігі расталады. «Мекорот» компаниясы консультациялық, ұйымдастырушылық және технологиялық қолдау көрсетеді. Тараптар қазақстандықтарды су шаруашылығы саласындағы мамандықтарға және жаңашыл технологиялар мен тәсілдемелерге (ноу-хау) үйрету орталығын құруға ниетті. Израильдік компания қазақстандық ұлттық су компаниясын құру барысында өзінің білімі мен тәжірибесін негізге алып,…

0
0
217