Мазмұнға өту
dvdkzokz

dvdkzokz

Сайтта 2014 ж. 24 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

508

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Қызылордада «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық шарасының 1 күнінде 763 азаматқа әкімшілік шара көрілді

2016 жылдың 24-26 тамыз аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның 1 күнінде әр түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 763 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) 61 азамат, қоғамдық орындар мен көшеде масаң күйде жүргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) 56 адам, қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) 104 азамат жауапкершілікке тартылды, Сондай-ақ, белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін (592-бабы) – 65, көлік құралын басқару кезінде телефонды не…

0
0
623

Қызылордалық полицейлер зілтемірші Александр Зайчиковті жеңісімен құттықтап, иығына шапан жапты

Бүгін, яғни 2016 жылғы 19 тамызда Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің басшылығы және жеке құрамы, «Динамо» спорт қоғамының басшылығы Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші Жазғы олимпиада ойындарының ауыр атлетика турнирінде 105 килограмм салмақ дәрежесінде ІІІ орын алып, қола жүлдегері атанған Александр Зайчиковпен кездесті. Жиын департаменттің үлкен мәжіліс залында өтті. Департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов сөз алып, сыр сақшылары атынан Александр Зайчиковті жеңісімен құттықтап, Сыр халқының үмітін ақтап, жасаған тартуы үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде: «Көп жылғы жүйелі жұмысың, жеңіс жолындағы төккен маңдай терің ақталғаны үшін қуаныштымыз. Әлі талай жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің туын көкке көтеріп, Қазақ елінің атын төрткүл дүниеге танытатыныңа сенімдіміз», - де…

0
0
396

Қызылордада қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 105 қылмыстың беті ашылды

Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2016 жылдың 7 айында кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды. 2016 жылдың 7 айында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, 105 қылмыстың беті ашылып, оның ішінде бөтен мүлік ұрлық қылмысы бойынша – 53 дерек, тонау қылмысы бойынша – 7, қарақшылық, адам өлтіру қылмыстары бойынша бір деректен анықталған. Есірткі қылмысы саласы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 32 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 101 кг. 022 гр. есірткі заттары алынды. Мәселен, «Көкнар-2016» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал бекеті тұсы…

0
0
381

Қызылордада 163 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылдың 25-31 шілде аралығында Қызылорда облысы аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымнан атыс және травматикалық қаруды алуға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында полиция қызметкерлерімен арнайы рейдтік жұмыстар жүргізіліп, «Тіркелген қару» есебінде тұрған қару-жарақтардың иелері тексерілді. Тексеру барысында заңсыз айналымнан барлығы 16 қару, оның ішінде 14 тегіс ұңғылы және 2 травматикалық тапанша тәркіленіп, қаруды сақтау, алып жүру ережелерін бұзғаны үшін 163 қару иелеріне хаттамалар толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы бойынша, азаматтық қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын…

0
0
593

Тәуелсіз елдің құрдасы – Қазақстан полициясы сапында

Қазақ елі үшін бұл жыл тарихи сәттерге, мерейлі жаңалықтарға толы жыл болды. 25 жыл бұрын еңсесін енді тіктеп келе жатырған жас мемлекет өзін егемен ел деп жариялап, Тәуелсіздік жайлы заң қабылдаған болатын. Осы уақыт ішінде түрлі жаңарулардан өтіп, Мәңгілік ел болу жолында нұрлы қадамдар жасап, дамыған 50 елдің қатарынан бой көрсетіп, әлемге сыйлы әрі сенімді мемлекет ретінде танылды. Осындай жас әрі қарқынды дамушы мемлекетпен бірге азаттықтың ақ таңында дүниеге келген, балалық шағын ашық аспан астында өткізген Тәуелсіздің құрдастары да өсіп келеді. Солардың бірі – Пазылхан Даулет Алтынбекұлы. 1991 жылдың желтоқсанында дүниеге келген ол ата-анасына ғана емес, еліне үлкен сый жасаған болатын. Кішкентай кезінен қайсар рухты, айтқан сөзінен тайсалмайтын беріктігі, шыдамдылығы мен төзімділі…

0
0
1361

«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасының 3 күнінде 39 қоғамдық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2016 жылдың 25-27 шілде аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Шараның 3 күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың барлығы 1527 дерегі тіркелді. Оның ішінде, көлік құралын мас күйінде басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша) – 40, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 9-бөлігі) – 30, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы) - 214, белгіленген жүру жылдамдығын арттыру бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы) – 180, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 59…

0
0
767

Қызылордалық полицейлер Алматыда болған атыста қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етті

Бүгін, яғни 2016 жылғы 21 шілдеде Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері, Ұлттық Ұланның 5547 әскери бөлімі, Шекара қызметінің 2219 әскери бөлімі департамент жанындағы Тағзым алаңында жиналып, 18 шілдеде Алматы қаласында орын алған атыста қаза болған әріптестерін еске алып, рухтарына тағзым етті. Шараға «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы мен Қызылорда облысының «Ауған соғысының Ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Камалов Ғалымжан Тәкенұлы қатысып, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында қаза болған тәртіп сақшылары жайлы жылы лебіздерін білдірді. Жиын б…

0
0
485

Астана – тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінің куәсі

Астана күні – республикамызда тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде 2009 жылы тойланған болатын. Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мерекелер туралы» Заңға толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы мақұлданып, сол күннен бастап «Астана күні» жаңа мемлекеттік мереке болып мерекелік күнтізбеге енгізілді. Осындай айтулы күнді ресми түрде атап өту Ішкі істер департаментінде игі дәстүрге айналды. Қызылордалық полицейлер бұл жолы да өздерінің қалыптасқан әдеттерінен таңбай, 05 шілде күні департаменттің үлкен мәжіліс залында бас қосып, мерекелік көңіл-күймен атап өтті. Шара барысында облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов сөз алып, аталмыш мерекенің қазақ тарихында алар орны зор екендігін атап өтіп, ішкі істер органдары ардагерлерін, қызметкерлерін мерекемен…

0
0
652

Қызылордалық полицейлер журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады

«28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне» орай, Қызылорда ОІІД басшылығы журналистер қауымымен кездесіп, төл мерекелерімен құттықтады. «Сіздерді «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтаймын! Бізбен әріптестік қарым-қатынас орнатып, полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарыңызға алғыс білдіремін. Ақпараттық әлемнің көшбасында жүріп, халықты объективті, қызық және шынайы жаңалықтарыңызбен сусындатып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізде табыс пен шығармашылық идеялар тілеймін», - деді өз құттықтау сөзінде департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов. Сондай-ақ, шара барысында полицияның оң имиджін қалыптастыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбын…

0
0
379

Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі ХХІ спартакиадада қызылордалық сақшылар үздік нәтиже көрсетуде

Ағымдағы жылдың 22 маусымында мемлекеттік және ведоство қызметкерлері арасында Қызылорда облысы әкімінің жүлдесіне арналған дәстүрлі ХХІ спартакиада салтанатты түрде өз шымылдырығын түрді. 22 маусым – 7 шілде аралығында өткізіліп жатқан спорттық бәсекеге арнайы құқық қорғау құрылымдарымен қатар облыс әкімдігінің басқармалары қатысып, спорттың 9 түрінен бас сынасуда. Бұл байрақты бәсекеден Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті де қалыс қалмай, алғашқы күні-ақ тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін көрсетіп, әр спорт түрінен үздік нәтижелер көрсетуде. Мәселен, жарыстың бірінші күнінде өткізілген арқан тарту сайысында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген департаменттің құрама командасы, І орынды қанжығаларына байласа, екінші күні де волейбол турнирінің ақтық ойынында Төтенше жағдайлар…

1
0
333