Қызылордалық полицейлер бөтен мүлік ұрлығының алдын алу мақсатында шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу жиынын өткізді
Ағымдағы жылдың 22 маусымында «Атамекен» сауда үйінде Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетовтің төрағалығымен және Қызылорда облыстық прокуратурасы, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы, Қызылорда облысының Кәсіпкерлік палатасы, Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары мен меншік иелері басшылары және жеке күзет ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу барысында инженерлік-техникалық нығайтылуы бойынша «Атамекен» сауда үйі жоғары интеллектуалды жүйелермен жабдықталған озық тәжірибелі нысан ретінде таныстырылып, бөтен мүлік ұрлықтарының алдын алу мақсатында қала аумағында орналасқан сауда орындары, қонақ үйлер, букмекерлік кеңселер, мейрамханалар мен кафелер жән…