Қызылордалық полицейлер қарақшылық қылмыстың «ізін суытпай» ашты
2014 жылдың 10 желтоқсанында «Самара-Шымкент» М-32 трассасы бойында кезекті рейдтік тексеріс барысында Жол патрульдік полиция қызметкерлері Нексия маркалы авкөлігіне тонау мақсатында жасалған қарақшылық шабуыл қылмысының «ізін суытпай» бетін ашты. Ішкі істер департаментінің Жол патрульдік полиция ротасы және Тасбөгет ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен қылмыскерлер құрықталған. Тексеру барысында жоғарыда аталған автокөлік жүргізушісі Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі анықталып, осы азаматты бетперде киген, балға және пистолет тектес қару ұстанған белгісіз біреулер мемлекеттік нөмірлік белгісі жоқ Мерседес Бенц маркалы автокөлігімен тоқтатып, ақша талап еткені белгілі болды. Автокөлікті қарау барысында айғақтық зат ретінде бетперде, жоғарыда аталған қару түрлері және автокөлікке ти…