Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада мереке қарсаңында қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы күшейтілген жүйеде жүргізілетін болады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес,  «Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мейрамын мерекелеу қарсаңында облыс орталығындағы кримогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында Қызылорда гарнизоны мен ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан гвардиясының күш-құралдарымен «Құқықтық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында облыс бойынша департамент тарапынан 1200-ге жуық полиция қызметкерлері жұмылдырылып, жұмыс барысы толықтай күшейтілген жүйеге көшірілмек.
Осы мереке күндері облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаң бақылауға алынып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіледі.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
0
0
402

Осы тақырып бойынша

Қызылордада мереке қарсаңында қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жұмысы күшейтілген жүйеде жүргізілетін болады - Yvision.kz