Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа редакциядағы кодекстер талқыланды

Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарының 28-тармағын және ІІМ басшылығы жанындағы жедел кеңестің 2014 жылғы 14 қазандағы шешімінің 4-тармағын жүзеге асыру мақсатында, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментіне Алматы академиясының профессорлық-оқытушылардан  құралған жұмыс тобы келді.

Осы орайда 2014 жылдың 3 желтоқсанында сағат 10.00-де Қызылорда ОІІД-нің үлкен мәжіліс залында облыстық, қалалық және аудандық ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатыстырылуымен семинар-кеңес өтті. Аталған кеңестің күн тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қылмыстық кодесті, Қылмыстық-процестік кодексті, Қылмыстық-атқару кодексті және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексті талқылап, заңнамалардың сапалы енгізілуіне бақылау жасау мәселелері қойылды.

Семинар-кеңесте аталған заңнамаларға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы өкілдері, яғни ҚР ІІМ-нің Алматы академиясының Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті полиция полковнигі О.Қ.Ахимбеков, Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті полиция полковнигі Ә.К.Батырбаев, Қылмыстық іс-жүргізу кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Р.К.Туманшиев және Қылмыстық құқық және криминалогия кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Е.Н.Естеусизовтер қызылордалық полицейлерге жаңа заңнама аясында қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіріп, баяндамалар оқыды.

Семинар-кеңесті Қызылорда ОІІД-і  бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.Анарбаев ашып, жоғарыда аталған кодекстерге толықтырулар мен өзгертулер енгізудің маңызын қысқаша баяндап, семинар-кеңестің бағдарламасымен және қонақтармен таныстырып өтті.

Бұдан кейін сөз тізгінін ҚР ІІМ-нің Алматы Академиясының Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті полиция полковнигі Әділхан Батырбаев алып, жоғарыда аталған кодекстерге енгізілген өзгерістер жайын, яғни жаңадан енгізілген немесе ауысқан баптар, Қылмыстық кодексте қолданылатын негізгі жаза түрлері, айыппұл мөлшері, түзеу жұмыстары және қолданылатын жағдайлар мәселесі жайлы сөз етті.

Семинар-кеңеске қатысқан Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті полиция полковнигі Омарбек Ахимбеков отбасылық-тұрмыстық саласында жауапкершілікке тартуда қиындық тудыратын мәселелер төңірегінде сөз қозғап, шетелдік тәжірибеде қолданылатын стандартпен салыстыра отырып дәлелдеп берді.

Сондай-ақ, семинарда жаңа редакциядағы Қылмыстық кодекс бойынша тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды тіркеу, іс жүргізу, тергеп-тексеру тәртібі туралы да сөз қозғалды.

Семинар соңында қатысушы қызметкерлер келген қонақтарға өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Семинар-кеңес  құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еліміздің жаңа қылмыстық заңнамалары төңірегінде өзара пікір алмасуымен аяқталды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 
0
0
465

Осы тақырып бойынша

Жаңа редакциядағы кодекстер талқыланды - Yvision.kz