Қызылордалық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады
https://www.youtube.com/watch?v=xk46CPnY9gA#t=15
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
508
пікірлер
0
тіркелуші
4
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
508
пікірлер
0
тіркелуші
4
жазылымдар
0
https://www.youtube.com/watch?v=xk46CPnY9gA#t=15
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Бөтен мүлік ұрлығының алдын алу жөніндегі 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілген болатын. Осы бағдарлама аясында, пәтер ұрлығының алдын алу мен орын алған пәтер ұрлықтарының ізін суытпай ашу мақсатында қазан айының 21-30 аралығында «Пәтер» жедел профилактикалық шарасы жүргізілді. Қызылорда қаласының ішкі істер басқармасы Ақсай полиция бөлімі және криминалды полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шаралары барысында іздеуде жүрген 37 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының тұрғыны ұсталды. Күдікті азамат Қызылорда қаласы аумағындағы жеке секторлы үйлердің жанында өзін мүгедек адам ретінде көрсете жүріп, қожайындары жоқ деп пайымдаған үйлердің пластикалық терезелерін сындырып кіру арқылы зергерлік бұйымдарын,…
2014 жылдың 03 қарашасында Қызылорда ОІІД-нің кіші мәжіліс залында ішкі істер бөлімшелердің құжат айналымы мен мұрағат ісіне жауапты мамандарына арналған «Іс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жұмыстарын (ЭҚАБЖ) ұйымдастыру» тақырыбында оқу семинар-кеңесі өткізілді. Семинар-кеңесті Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бахыт Сейілханұлы Өмірсейітов және аталған басқарманың сарапшысы Захара Балтиқызы Құсайнова жүргізіп, облыстық, қалалық және аудандық ішкі істер органдарының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің қызметкерлері қатыстырылды. Семинар-кеңестің мақсаты – мемлекеттік органдары мамандарының ЭҚАБЖ жүйесінде білімдерін жетілдіру, жеке және з…
Бүгін Қызылорда облысының ІІД-нің жаңа бастығын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов таныстырды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды. Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады. Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, Көліктегі ІІД бастығы лауазымдарында қызмет етті. Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы. Жаңадан тағайынд…
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нұрлан Сенбеков сұрапыл қара күштің иесі екендігін көрсетіп, жұртты таңдай қақтырды.
Елбасының 2012 жылғы 14 ақпанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруды тапсырған. Ол өз сөзінде «... дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді», - деген болатын. Осы орайда, республика көлемінде ағымдағы жылдың қазан айының 28-30 күндері аралығында «Мүлдем төзбеушілік» акциясы ұйымдастырылуда. Акцияның негізгі мақсаты – халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылық…
Облыстық ішкі істер департаменті, облыстық прокуратура және банктің ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Қызылорда аумағында орналасқан екінші деңгейлі банктің бірінде банк қызметкерлерінің 2013 жылдан бері облыс төңірегінде тұратын 260 жеке тұлғаға кепілдемесіз несиелерді заңсыз рәсімдеп келгендігін анықтады. Соның салдарынан банкке жалпы 727 миллион 190 мың 803 теңге көлеміндегі мүліктік залал келтірілгені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қызылорда ОІІД Тергеу басқармасымен 2014 жылдың 2 қаңтарында қылмыстық іс қозғалып, тергеушілер мен прокурорлардан жасақталған жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу амалдары барысында күдікті азамат өз қызмет бабын пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, құрамына өзі жетекшілік ететін филиалының бөлшектік бизнес саласы қызметкерлері мен жең…
2014 жылдың 26 қыркүйегінде Шиелі кентінде букмекерлік кеңседен қаруланған белгісіз азаматтың ірі сомада ақша ұрлағаны жайлы хабарлама берілген болатын. Аталған хабарлама бойынша Шиелі аудандық ішкі істер бөлінісінің басшылығы және жеке құрамы қылмыскерді құрықтау үшін тез арада топ жасақтап, қолға түсіру операциясын жүргізді. Қызметкерлердің ұйымдасқан, ұтқыр әрекеттерінің арқасында қылмыскер ұсталып, букмекерлік кеңсе қожайындарына қолды болған ақшалары қайтарылды. Бүгін, яғни 2014 жылдың 24 қазанында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында жоғарыда аталған құрықтау операциясында қырағылығымен, ұтқырлығымен көзге түсіп, жанқиярлық көрсеткен тәртіп сақшылары марапатталды. ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев ҚР ІІМ-нің марапаттау жайлы бұйры…
http://press.mediaovd.kz/kz/?p=7635
Тәртіп сақшыларының қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті нығайтып және жедел іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін бес қаруының сай болуы аса маңызды. Қазіргі таңда облыстағы тыныштық пен тәртіпті сақтап отырған ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда облыс басшылығы жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетіп келеді. Биылдың өзінде облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің сыртқы қызмет салаларына жалпы 184 млн. 588 мың теңге бөлінген болатын. Бөлінген қаржыға 50 дана «УАЗ-31519» шассиіндегі арнайы патрульдік автокөліктер, 36 дана автокөліктегі транкингтік радиостанциялар және 50 дана бейнетіркеуіштер сатып алынып, салтанатты түрде табысталды. Қазан айының 17 күні Тағзым алаңында өткен сал…