Мазмұнға өту
dvdkzokz

dvdkzokz

Сайтта 2014 ж. 24 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

508

пікірлер

0

тіркелуші

4

жазылымдар

0

Қызылордалық полицейлер жауапты салада қызмет етіп жүрген нәзік жандыларды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады

2016 жылдың 05 наурызында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шара барысында полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандыларды құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатқа ие болды. ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының…

0
0
776

Қызылордалық полицейлер осы жылы алғаш рет тойланғалы жатқан «1 наурыз-Алғыс айту» күніне орай жиын өткізді

Биыл алғаш рет – Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізіміне енгізілген Алғыс айту күні мерекесі тойланғалы жатыр. Бұл мерекенің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келуі тарихи маңызы зор оқиға. Осындай күн қарсаңында, бүгін Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында университет ғалымдарының, тіл жанашырларының, зиялы қауым өкілдерінің және департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ж.Оспанов пен департамент қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік жиын болып өтті. Аталмыш жиында «Алғыс айту күні» мерекесін тойлаудың маңызы айтылып, әлем елдерінде қолданылып жатқан тәжірибелері талқыланды. Шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемл…

0
0
321

Қызылордалық полицейлер экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды азайту мәселесін талқылады

2016 жылдың 22 ақпанында Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің ұйымдастыруымен «Ақбөкен аңын бірлесіп қорғайық!» атты семинар-кеңес болып өтті. Семинар-кеңеске мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, құзырлы орган өкілдері мен аудан көлеміндегі аңшы қару иелері қатыстырылды. Семинар-кеңестің басты мақсаты – экологиялық қылмыстардың алдын алу, браконьерлік әрекеттердің жолын кесу және су биоресурстарын қорғау болып табылады. Аталған шараға Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Ғ.Нагиев қатысып, аудан көлемінде экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бағытында атқарылып жатырған жұмыстар жайын баян етті. Өткен жыл көлемінде…

0
0
350

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Н.Қасымов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді

2016 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Аталған орталықтың барлық жүйесі ғаламтормен тіркеліп, электронды планшеттер мен жұмыс барысын пайыздық көрсеткішпен есептеуге арналған экранмен қамтамасыз етілген. Басқа өңірлермен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік те жасалған. Онан өзге, облыстық ішкі істер департаменті, денсаулық, білім басқармаларының жұмысымен онлайн режимде танысуға болады. Облыстың экономикалық ахуалын талдап көрсететін түрлі бағдарламалар да орнатылған. Мұның өзі ахуалдық орталықтың жұмысының жоғары сапада қызмет көрсетілетіндігін дәлелдейді. І…

0
0
516

Қызылордада «Мигрант» ЖПІШ-нің 1 күнінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 139 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылдың 15-17 ақпан аралығында облыс аумағында шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алатын заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көруге бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осы іс-шараға ОІІД-нің 347 қызметкері жұмылдырылып, көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайлары, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, шараның 1 күнінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) 139 шетел азаматы анықталып, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке…

0
0
594

ҚР ІІМ-нің ресми веб-порталындағы «Мемориал» сервисі өз жұмысын бастады

Саяси репрессия құрбандары туралы ақпаратты анағұрлым қолжетімді қылу және оларды жадымызда сақтау, олардың отбасыларының тарихын қайта қалпына келтіруге көмек көрсету үшін Ішкі істер министрлігінің Веб-порталында (http://mvd.gov.kz) әлеуметтік маңызы бар «Мемориал» сервисі құрылды. 2014 жылы ішкі істер органдары ұлттық қауіпсіздік органдарынан сот органдарымен ақталған репрессияға ұшыраған азаматтарға қатысты қылмыстық істер, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түсіп, Германиядан келген бұрынғы КСРО азаматтары туралы іріктелген, трофейлік материалдарды қабылдады. Мысалы, қуғын–сүргінге ұшыраған қазақ интеллигенциясының қайраткерлері Ахмет Байтұрсыновтың, Ораз Жандосовтың, Ілияс Жансүгіровтің, Сәкен Сейфуллиннің және т.б. (мұрағаттық істер Алматы қаласы ІІД мұрағатында) қылмыст…

0
0
312

Қызылордалық полицейлер ақбөкендерді заңсыз аулаудың тағы бір дерегін анықтады

2016 жылғы 30-31 қаңтар аралығында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықтылды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында сағат 22.10 шамасында Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылына қарасты «Бөгедек» учаскесінде мемлекеттік белгісі жоқ «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында салонынан 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен 72 дана мылтықтың патрондары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Сонымен қатар, автокөліктің артқы жүк салғышынан 7 дана ақбөкен аңына ұқсас өлі жануар денесі анықталды. Оқиға орнына Жалағаш АІІб-нің жедел-тергеу тобы шақырылып, тиісті жұмыстар атқарылды. Қа…

0
0
377

Қызылордалық полицейлер 18 ақбөкенді атып алған аңшыларды құрықтады

Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында 2016 жылғы 30-31 қаңтар аралығында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықтылды. Атап айтқанда, 31.01.2016 жылы сағат 16:30 шамасында Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылына қарасты «Бөгедек» учаскесінде «Тойота Ланд Крузер-100» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікке қарау жүргізу барысында, көліктің салонынан 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы және 172 дана мылтықтың патрондары анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. Оқиға орнына тексеру жүргізу кезінде, сексеуіл бұталарының арасына жасырылған аяқтары кесілген 18…

0
0
305

Интернет желісіндегі алаяқтықтан сақтаныңыз!

Интернет желісі арқылы таралатын алаяқтықтың кең таралған түрі – ол пайдаланушыны браузердің жұмысын бұғаттап тастайтын интернет-ресурстарға (Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera және т.б.) бағыттау. Алаяқтар бағыттаған интернет-ресурсқа өткен кезде браузер бұғатталып, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының атынан, оның порнографиялық контентті көшіріп, сақтауына байланысты Заңды бұзғандығын хабарлайтын мәтін пайда болады. Бұғатты алып тастау үшін вирус – төлем терминалы арқылы 10-15 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етеді. Оны төлемеген жағдайда іс материалы прокуратураға жолданып, порнографиялық мазмұнды көшіріп, сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде жазылады. Есіңізде болсын, мемлекеттік орган азаматтардың компьютерлерін (нем…

0
0
702

Қызылордалық полицейлер 1 тәулікте орын алған 2 мал ұрлығы қылмысының бетін ашты

Сырдария ауданы ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1 тәулік ішінде орын алған мал ұрлығы қылмыстарының беті «ізі суымай» ашылып, әккі ұрылар қолға түсті. Атап айтқанда, 2016 жылғы 26 қаңтар күні сағат 04.00 шамасында Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында 48 жасар ауыл тұрғынының мал қорасынан бір бас қойын ұрлап бара жатқан жерінен 19 жасар және 26 жасар екі азамат ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер АІІб-нің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Дәл осындай дерек 26 қаңтар күні сағат 18.00 шамасында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде де орын алған. Осы ауданның 41 жасар тұрғынынан А.То…

0
0
269