Қызылордада «Балалар түнгі қалада» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Ағымдағы жылдың 22-24 қаңтар аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады. Жүргізілген іс-шара барысында ішкі істер органдарына барлығы 279 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, оның ішінде 268 к…