Сыр сақшылары «Жігіттің сұлтанын» анықтады
Полиция қызметкерлері халықтың санасында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмысты ашу, құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау сынды міндеттерді жүзеге асыру барысындағы кәсіби біліктілігімен жатталып қалған. Одан бөлек олардың бойында нағыз ер жігітке тән дарыны мен өнері, ептілігі мен тапқырлығы, қайсарлығы мен ұлттық салт-дәстүрді қастерлейтін тектілігі бар екенін көбісі біле бермейді. Осы мақсатта, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мен «9 мамыр – Ұлы Жеңістің 71 жылдығына» орай полиция қызметкерлері арасында «Жігіт сұлтаны» байқауын ұйымдастырды. Байқауға департаменттің қызмет салалары мен қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінен 9 жігіт қатысты. Сайыскерлер байқау шартына сай «Таныстырсам өзімді», «Сег…