Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне арналған слет болып өтті

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлері және ата-аналарына арналған слет болып өтті.  Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараның мақсаты – ішкі істер органдарына енді ғана қабылданған жас қызметкерлерін, департаменттің жеке құрамын отансүйгіштікке, патриоттық өнегеге тәрбиелеу болып табылады.

Салтанатты шараға ішкі істер органына жақында қабылданған 80 жас қызметкер, олардың тәлімгерлері және жас қызметкерлердің ата-аналары қатысты. Сондай-ақ шараға  облысымыздағы барлық аудандық ішкі істер бөлімдері, Қызылорда ҚІІБ қызметкерлері атсалысты.

Шара кезінде слетке қатысушыларға ОІІД-нің арнайы техникалары таныстырылып, оларды қолдану тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің ұрыс кезіндегі әдіс-тәсілдері көрсетіліп, шабуыл кезіндегі қызметкерлердің қорғаныс тәсілдері көрсетілді.

Одан соң жас қызметкерлердің арасында гір тасын (гир) көтеруден және қол күресінен (армреслинг) сайыс өтіп, сайыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.

Слет одан әрі концертік бағдарламаға ұласып,  бағдарлама барысында қызметінде ерекше көзге түскен жас қызметкерлер, олардың ата-аналары мен тәлімгерлері сөз сөйлеп, департамент басшылығына алғыстарын жеткізді.

Мерекелік шара соңында слетке қатысушыларға департаменттің Жедел жоспарлау орталығының жұмысы, мұражай таныстырылып, қызмет бабында қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен іс-шара қорытындыланды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 
0
0
345

Осы тақырып бойынша

Қызылордада ішкі істер органдарының жас қызметкерлеріне арналған слет болып өтті - Yvision.kz