Жемқорлыққа қарсы стандарты
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 10 хаттамасымен мақұлданғанҚазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты 1. Осы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) сыбайлас жемқорлыққы қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2015 жылғы 18 қарашадағы 10-бабына сәйкес әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Министрліктің орталық аппараты, ведомствосы және ведомствосының аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек саласындағы өз міндеттерін және өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде іс-әрекеттерін айқындайды. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы станда…