«Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің Арқалық филиалында азаматтарды қабылдау
2018 жылы 13 қарашада сағат 16.00-де Арқалық қ. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің Арқалық филиалының қоғамдық қабылдауында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбековтің және департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Р. Айтуарованың қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті.
Азаматтарды қабылдау барысында қабылдауға келген азаматтарға келесі мәселелер бойынша құзыретті жауаптар берілді: протезді жаңа технологиялармен жақсарту, мүгедектер үшін санаторияға жолдамалар беру тәртібі, кәмелетке толмаған балаларға жәрдемақыны ресімдеу мәселесі бойынша, мүгедектігі бойынша, мүгедектер үшін қолданыстағы жеңілдіктер бойынша жәрдемақы мөлшерін ұлғайту. Әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негіздерін түсіндірді, сондай-ақ қызмет алушылар департамент қызметкерлері тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болды ма деген мәселелерді сұрастырды, қызмет алушылар департаментке жүгіну кезінде дөрекі қарым-қатынасқа, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жолыққан емеспіз деп жауап берді. Ә.Р. Айтуарова қабылдауға келген азаматтарға мәселелер туындаған жағдайда тікелей оған жүгінуді ұсынды және байланыс телефондары көрсетілген визиткаларды, сондай-ақ азаматтарды қабылдау кестесін үлестірді.
Әдеп кодексінің нормаларын жүзеге асыру үшін тиімді көмекті әдеп жөніндегі уәкіл көрсетеді, қызметін әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже регламенттейді. Ережеге сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі және қызметі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын сақтауды қамтамасыз етуге, олардың жауапкершілігін арттыруға, ұжым мен қоғамда жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар мүдделер қақтығысы туындаған, этикалық сипаттағы жағдай туындаған жағдайда әдеп жөніндегі уәкілге кеңес алу үшін жүгіне алады.
Сонымен, әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелерінде консультациялық көмек көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық ахуал, әріптестерінің арасында жақсы қарым-қатынас әрбір мемлекеттік қызметкердің жұмысына оң әсер етеді, нәтижесінде мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін арттырады. Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына мониторинг жүргізу мақсатында анонимді сауалнама жүргізіледі.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі азаматтарға кеңес беру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.
Мінез-құлық стандарттары жаңа сапалы деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өту керек, ол мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілікті және мінез - құлықты өздігінен бақылауды талап етеді, ал ол өз кезегінде мемлекеттік қызметтің имиджіне оң әсерін береді.
