Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілінің іссапары

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс. Барлық осы негізгі постулаттары мен өсиеттер қазіргі заманғы Қазақстандық мемлекеттік қызметшінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Бүгінде, мемлекеттік қызметшілердің этикасына ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен әдеп кодексі қабылданды, ал 2016 жылғы қаңтардан бастап әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілді.

2018 жылғы 12-14 қараша күндері аралығында «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Р. Айтуарова Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы ҚР Заңы нормаларын бұзуға жол бермеу бойынша алдын алу мақсатында Арқалық қаласына барды.

Арқалық қаласында халыққа «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсететін, департаменттің №6 медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары орналасқан, мемлекеттік қызметті көрсету кабинетінде байланыс ақпаратын және жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесін көрсете отырып департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі туралы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі туралы ақпарат орналастырылған.

Іссапар барысында Ә.Р. Айтуарова бөлім басшысы Б.Б. Ермағанбетоваға және №6 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы М. Шарғыноваға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша жеке-консультациялық көмек көрсетті және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қызметті алушыларға анонимді сауалнама жүргізілді. Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың басым бөлігі Арқалық қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанған деген қорытынды жасауға болады.

Сауалнама барысында №6 МӘС қызметкерлері тарапынан қате қарым-қатынас және ақша қаражатын бопсалау фактілері анықталған жоқ.

Кездесу барысында туындаған мәселелер бойынша барлық қызметті алушыларға жеке кеңес берілді және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелеріне шағымдану құқығы түсіндірілді.

2018 жылы 13 қарашада «Нұр Отан» партиясының қоғамдық бірлестігінің Арқалық филиалының қоғамдық қабылдауында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбековтің және департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Р. Айтуарованың қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті. Азаматтарды қабылдау барысында туындаған барлық мәселелерге құзыретті жауаптар берілді.

0
0
313

Осы тақырып бойынша

РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілінің іссапары - Yvision.kz