Мүгедектерге берілетін құқықтар мен жеңілдіктер
Мүгедектерге берілетін құқықтар мен жеңілдіктер Мүгедек - тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Мүгедектердiң құқықтары: әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға; әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге; ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға; кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға; Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге; мемлекеттiк және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге; мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға. Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек түрлері: мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдер және өзге де төлемдер; жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін, әлеуметтік көмектің қосымша төлемдері; жұмыс беруші және өзге де ұйымдармен көрсетілетін, әлеуметтік көмектің қосымша төлемдері. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету Жергiлiктi атқарушы органдар: тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғынжай бередi; мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықпен жабдықтауды қамтамасыз етедi. Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектердi жұмыспен қамтуды: жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу; жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектер үшiн қосымша жұмыс орындарын құру; мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы, сондай-ақ әлеуметтiк жұмыс орындарын құру; мүгедектерге кәсiптiк оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етедi. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi. Түнгi уақыттағы жұмысқа мүгедектiң келiсiмiмен және егер оның мұндай жұмыс iстеуiне денсаулық жағдайы бойынша тыйым салынбаған болса, рұқсат етiледi. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша мүгедектің денсаулық жағдайы кәсiптiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн не басқа адамдардың денсаулығына және еңбек қауiпсiздiгiне қауіп төндiретiн жағдайларды қоспағанда, мүгедектiк уәждері бойынша еңбек шартын жасасудан не қызмет бабында жоғарылатудан бас тартуға, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша мүгедектi жұмыстан босатуға, оның келiсiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi. Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету Мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергiлiктi атқарушы органдар (әкімдіктер) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілейді; жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектер үшiн қосымша жұмыс орындарын құрады; мүгедектердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшiн арнаулы, сондай-ақ әлеуметтiк жұмыс орындарын құрады; мүгедектерге кәсiптiк оқуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етедi. Еңбек қатынастары бөлігінде мүгедектердiң құқықтары заңнамамен кепілдендірілген Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша жағдайларды қоспағанда, мүгедектiк уәждері бойынша еңбек шартын жасасудан не қызмет бабында жоғарылатудан бас тартуға, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша мүгедектi жұмыстан босатуға, оның келiсiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi. Мүгедек мәртебесіне ресми түрде берілген адамдарға біздің елде көптеген жеңілдіктер бар. Олар бірқатар салықтар мен баждардан босатылған, тегін заңды қорғауға және темір жол мен әуе қатынасы жол ақысын төлеу кезінде жеңілдіктерге құқығы бар. Оқырмандар қажет болған жағдайда өз құқықтарын қорғай алуы үшін төменде заңнамада тиісті тармаққа сілтеме жасалған жеңілдіктер мен құқықтар туралы құжат ұсынылады.
