Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Семинар - кеңес

2018 жылы 19 қарашада «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің ұйымдық-техникалық қамсыздандыру және талдамалық жұмыс бөлімінің басшысы Ә.Р. Айтуарова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша семинар - кеңеске қатысты.

Электрондық мемлекеттік қызметтер- сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл.

Сыбайлас жемқорлық проблемасы тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің көптеген елдері үшін де және әр түрлі дәрежеде барлық мемлекеттерге тән өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстандықтардың түсінігінде сыбайлас жемқорлық нақты теріс мағынаға ие және парақорлықпен жиі байланысты, халықтың басым бөлігіне құқықтық қылмыс ретінде қабылданады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі, және Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттарының бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық көріністері үшін алғышарттардың бірі мемлекеттік қызметшінің азаматпен тікелей байланысы болуы да болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу рәсімі неғұрлым оңай және ашық болса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соншалықты төмен болады.

Осыған байланысты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кең пайдалану да адам факторының ықпалын барынша азайтады. Нәтижесінде халыққа электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің көлемі өсетін болады, оның ішінде осындай форматта рұқсаттарды беру де қамтамасыз етіледі (мысалға, мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорция арқылы және «электрондық үкімет» арқылы көрсету).

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен 12 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетіледі, соның ішінде түрлері бойынша:

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау; мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау; бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау; жерлеуге арналған жәрдемақы тағайындау; банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (мемлекеттік кепілдік). мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау. 01.01.2018 жылдан бастап "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.10.2017 жылғы №637 Қаулысымен мемлекеттік қызмет енгізілді: "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау». "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығы. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметті көрсету регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 20 бұйрығы. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысымен мемлекеттік қызмет енгізілді: «Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау». 2018 жылдың 9 айына Департаментпен барлығы – 37 152 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде қағаз түрінде мемлекеттік органда көрсетілген (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда), бірақ «электронды үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін – 6 387 (мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау); Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендер – 30 765 (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау – 4 085; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау – 4 651; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау – 1 855; арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау – 942; мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау – 4; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау – 262; бала туғанда берiлетiн және баланың күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау – 7 701; жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау – 4 843; инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (мемлекеттік кепілдік) – 5 342; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 83; және «электрондық үкімет» веб-порталы – 997 (бала туғанда берiлетiн және баланың күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау-994; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау - 3).

0
0
486

Осы тақырып бойынша

Семинар - кеңес - Yvision.kz