Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметті алушылармен кездесуі

2018 жылы 21 қарашада «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті алушыларға кездесу өткізді, кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызмет және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы заңнама нормалары түсіндірілді.

Қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті алу барысында олардың құқықтары түсіндірілді, сондай - ақ сыбайлас жемқорлық көріну фактілерін хабарлау және өзге де ақпарат алу үшін әдеп жөніндегі уәкілдің телефон нөмірлерімен визиткалары берілді.

Қатысушыларға департамент қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша анонимді сауалнамадан өту ұсынылды.

Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанады деген қорытынды жасауға болады.

Сауалнама жүргізу барысында МӘС бөлімдерінің қызметкерлері тарапынан қате қарым-қатынас және ақша қаражатын бопсалау фактілері анықталған жоқ.

Кездесу барысында туындаған мәселелер бойынша барлық қызметті алушыларға жеке кеңес берілді және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелеріне шағымдану құқығы түсіндірілді.

Кездесу соңында қызмет алушылар медициналық - әлеуметтік сараптама мамандарының қызмет сапасына және кәсіпқойлығына қанағаттанушылығын білдірді.

0
0
263

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметті алушылармен кездесуі - Yvision.kz