Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының азаматтарды көшпелі қабылдауы

2018 жылы 20 қарашада сағат 10.00-де Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының азаматтарды көшпелі қабылдауына қатысты.

Көшпелі қабылдау өткізу мақсаты:

- Ұзынкөл ауданы тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қарастыру;

- білікті мамандардан тегін медициналық көмек көрсету;

- түсіндіру жұмысын күшейту, сондай-ақ азаматтардың проблемаларын шешу нәтижелілігінің сапасын арттыру;

- түрлі әлеуметтік мәселелерге мемлекеттік органдардың назарын күшейту.

Кездесу барысында туындаған барлық мәселелерге М.Т. Мұратбеков толық жауап берді.

0
0
317

Осы тақырып бойынша

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының азаматтарды көшпелі қабылдауы - Yvision.kz