Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлаушылар саны белгілі болды

Қазақстанда бүгін түнгі сағат 24.00-де Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарының сайлауалды үгіт-насихаты аяқталады. Ертең – тыныштық күні.
Осыған орай еліміздің Орталық сайлау комиссиясы саяси маңызды науқынды дайындау жұмыстарының аралық қорытындыларын шығарып, жексенбі күнгі дауыс беруге әзірлік барысын жария етті.
–Бұл сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге барлығы 13 399 сайлау комиссиясының тартылды! – деді Ортсайлауком мүшесі Б.Мелдешов. – Олардың ішінде 9 840 учаскелік сайлау комиссиясы, 171 аудандық, 37 қалалық, 16 облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық сайлау комиссиялары, сондай-ақ аудандық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 2 160 округтік сайлау комиссиясы, қалалық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 625 округтік сайлау комиссиясы және облыстық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 550 округтік сайлау комиссиясы. Жалпы алғанда олардың құрамында 93 мыңнан астам мүше бар.
Бұлардың барлығы тиісті дайындық пен оқытудан өтті. Электораттық науқан кезеңінде аумақтық сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастырушыларды құқықтық оқыту жөнінде 900-ге жуық семинар, кеңес, тренинг және өзге де іс-шаралар өткізді. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастырушылар үшін, БАҚ өкілдері үшін және сайлауға қатысатын саяси партиялар үшін үш республикалық семинар ұйымдастырды.
Сондай-ақ Ортсайлауком барлық сайлау комиссияларын қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етті. Атап айтқанда, ОСК тапсырысы бойынша аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары, саяси партиялар мен олардың сенім білдірген адмдары, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары, байқаушылар, БАҚ өкілдері үшін ақпараттық плакаттардың 8 түрін және жаднамалардың, құралдардың, жинақтар мен басқа да баспа өнімдерінің 14 атауы әзірленді. ҚР ОСК тапсырысы бойынша басып шығарылған әдістемелік құралдар www.election.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Учаскелік сайлау комиссиялары үшін «Сайлау күні дауыс беру рәсімдері туралы» арнайы оқыту фильмі әзірленді, ол еліміздің аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілді.
Учаскелік сайлау комиссиялары барлық қажетті құжаттармен және жабдықпен қамтамасыз етілген. Сайлау бюллетеньдері сайлау учаскелеріне жеткізілді.
–Қазіргі уақытта дауыс беру күніне белсенді дайындық жүруде. Сонымен бір уақытта сайлаушылар тізімдерін нақтылау процесі жалғастырылуда. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар тізімдеріне 9 миллион 791 мың 165 адам енгізілді, – деді Бақыт Мелдешов.
Дауыс беру 20 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін 9 840 сайлау учаскесінде өтеді.
Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 817 байқаушысы алдағы сайлауды байқауды жүзеге асырады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта шетелдік БАҚ-тардың 147 өкілін аккредиттеді.
Осылайша, қазіргі уақытта барлығы 964 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі аккредиттелді.
Сонымен қатар, дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға кандидаттар мен партиялардың сенім білдірген адамдары, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

Қазақстанда бүгін түнгі сағат 24.00-де Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарының сайлауалды үгіт-насихаты аяқталады. Ертең – тыныштық күні.Осыған орай еліміздің Орталық сайлау комиссиясы саяси маңызды науқынды дайындау жұмыстарының аралық қорытындыларын шығарып, жексенбі күнгі дауыс беруге әзірлік барысын жария етті.  –Бұл сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге барлығы 13 399 сайлау комиссиясының тартылды! – деді Ортсайлауком мүшесі Б.Мелдешов. – Олардың ішінде 9 840 учаскелік сайлау комиссиясы, 171 аудандық, 37 қалалық, 16 облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық сайлау комиссиялары, сондай-ақ аудандық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 2 160 округтік сайлау комиссиясы, қалалық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 625 округтік сайлау комиссиясы және облыстық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 550 округтік сайлау комиссиясы. Жалпы алғанда олардың құрамында 93 мыңнан астам мүше бар.Бұлардың барлығы тиісті дайындық пен оқытудан өтті. Электораттық науқан кезеңінде аумақтық сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастырушыларды құқықтық оқыту жөнінде 900-ге жуық семинар, кеңес, тренинг және өзге де іс-шаралар өткізді. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастырушылар үшін, БАҚ өкілдері үшін және сайлауға қатысатын саяси партиялар үшін үш республикалық семинар ұйымдастырды.Сондай-ақ Ортсайлауком барлық сайлау комиссияларын қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етті. Атап айтқанда, ОСК тапсырысы бойынша аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары, саяси партиялар мен олардың сенім білдірген адмдары, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары, байқаушылар, БАҚ өкілдері үшін ақпараттық плакаттардың 8 түрін және жаднамалардың, құралдардың, жинақтар мен басқа да баспа өнімдерінің 14 атауы әзірленді. ҚР ОСК тапсырысы бойынша басып шығарылған әдістемелік құралдар www.election.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.Учаскелік сайлау комиссиялары үшін «Сайлау күні дауыс беру рәсімдері туралы» арнайы оқыту фильмі әзірленді, ол еліміздің аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жіберілді.Учаскелік сайлау комиссиялары барлық қажетті құжаттармен және жабдықпен қамтамасыз етілген. Сайлау бюллетеньдері сайлау учаскелеріне жеткізілді.–Қазіргі уақытта дауыс беру күніне белсенді дайындық жүруде. Сонымен бір уақытта сайлаушылар тізімдерін нақтылау процесі жалғастырылуда. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сайлаушылар тізімдеріне 9 миллион 791 мың 165 адам енгізілді, – деді Бақыт Мелдешов.Дауыс беру 20 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін 9 840 сайлау учаскесінде өтеді.Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 817 байқаушысы алдағы сайлауды байқауды жүзеге асырады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта шетелдік БАҚ-тардың 147 өкілін аккредиттеді.Осылайша, қазіргі уақытта барлығы 964 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі аккредиттелді.Сонымен қатар, дауыс беру барысы мен дауыстарды санау рәсімін байқауға кандидаттар мен партиялардың сенім білдірген адамдары, қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

http://aikyn.kz/ru/news/show/21908-sailaushylar_sany_belg_l_boldy

6
0
921

Осы тақырып бойынша

Сайлаушылар саны белгілі болды - Yvision.kz