Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында, сонымен қатар 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруда «Мұнайшы» де не-шыны кешенінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті мен Спорт және туризм басқармасының бастамасымен мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың тоғыз түрінен спартакиада өткізілді. Аталған шараны өткізудің басты мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау болып табылады. Жарысқа 650-ден аса Атырау облысының барлық аудандарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қатысты. Спартакиадаға Атырау облыстық әкімдігі, соның ішінде Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Жылыой, Мақат, Махамбет, Индер ау…


