Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескерте отырып тәрбиелейміз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті Атырау студенттер альянсымен бірлесе №24 орта мектеп оқушыларының қатысуымен  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу» тақырыбында семинар өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы А.Каримжанов және бас маманы Д.Лукпанова қатысушыларға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірді.
Сонымен қатар, Атырау студенттер альянсының мүшесі А.Сапарғалиева жастарды сыбайлас жемқорлықпен күреске шақырып, өз ойымен бөлісті.
Кездесудің соңында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толық мәліметтер алды және қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттық бағыттағы бейне роликтер көрсетілді.

 
0
0
331

Осы тақырып бойынша