Атыраудың жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті облыстық Кураторлар Кеңесімен бірлесіп облыстық білім беру мекемелерінің студенттері мен мұғалімдер құрамына «Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін құқық бұзушылықтар» атты дөңгелек үстел өткізді.
Аталған шараның мақсаты – қоғамда тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға «Нөлдік төзімділікті» қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.
Департамент пен облыстық жастар ұйымымен бұл бағыттағы біріккен жұмыстар жалғасуда. 




