Атырауда Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті.
2015 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасы М.К.Избановтың төрағалығымен Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Кезекті кеңес отырысында 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес Қызылқоға ауданы әкімі М.С.Мұқановтың 2014 және 2015 жылғы І тоқсанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы атқарылған жұмыстары және аудандық тәртіптік комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды.
Тәртіптік кеңес Қызылқоға ауданының әкіміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүзеге асыруды күшейту бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді.
Келесі мәселе бойынша Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы С.У.Қалуоваға қатысты тәртіптік іс қаралды.
Тәртіптік кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысына С.У.Қалуованы «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тарту ұсынылды.
Соңғы мәселе бойынша Жылыой аудандық прокуратурасының Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Б.Қ.Сатиевке қатысты тәртіптік іс қаралды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексінің талаптарын бұзып, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған үшін Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Қ.Сатиевке «қызметінен босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды қарастыру бойынша Тәртіптік кеңес Жылыой ауданы әкімі М.Ш.Ізбасовқа ұсыным берді.
