Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біздің міндет – халыққа қызмет» бірінші облыстық жас мемлекеттік қызметшілер форумы

23 маусым - ҚР Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын, «Қазақстан 2020: Болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру және 5 институционалдық реформадан туындаған «100 нақты қадам» бағдарламасын орындауда мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Меркі ауданы әкімдігінің қолдауымен 2015 жылдың 11 маусым күні Меркі ауданында «Біздің міндет – халыққа қызмет» облыстық жас мемлекеттік қызметшілер Форумы өтті.
«Біздің міндет – халыққа қызмет» Форумына облыстық деңгейдегі департаменттер, облыс әкімдігінің басқармалары, Тараз қаласы мен аудандардағы және ауылдық округтерде қызмет атқаратын мемлекеттік жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Сонымен қатар, 11-13 маусымда мемлекеттік органдардағы басқарушы буын – жас мемлекеттік қызметшілерге арналған 
3 күндік семинар-тренинг өз жұмысын бастады.. 
3 күндік семинар-тренингке облыстағы басшылық қызметіндегі жастар (ауыл әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, облыс әкімдігінің бөлім басшылары мен орталық атқарушы органдардың жергілікті департаменттерінің басқарма басшылары) қатысып, арнайы шақыртылған мамандардың ұйымдастыруымен топтық тренингтер, психологиялық стресс басқару, басқарудағы шешім қабылдау мәселелері мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша семинарлар өткізіледі. Сонымен қатар, спорттық ойындар (үстел теннисі, дойбы, шахмат, тоғыз құмлақ) және мәдени іс-шаралар, таланттар фестивалі мен өнер жарысы да қамтылды. 
Семинар-тренингтер мен оқыту курстарының қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталатын болады.

0
0
924

Осы тақырып бойынша

«Біздің міндет – халыққа қызмет» бірінші облыстық жас мемлекеттік қызметшілер форумы - Yvision.kz