Мазмұнға өту
anticorruption_tz

Департамент Агентства РК

@anticorruption_tz

Сайтта 2015 ж. 22 қаңтарКазахстан, Тараз

Департамент Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Жамбылской области

рейтинг

100

жазбалар

196

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Тәртіптік кеңестің отырысы

2015 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысындағы Тәртіптік кеңесінің мәжілісі өтті. Жамбыл облысы прокуратурасының ұсынысында көрсетілген фактілер бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.С.Толеулиевке қатысты қызметтік тексерудің қорытындысы қаралды. Прокуратураның ұсынысында, М.Толеулиевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2009 жылғы №2225 қаулысымен бекітілген (ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 879 қаулысымен өзгерістер енгізіліп, 11.09.2014 жылы алғашқы ресми жариялаған), Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес, аталған құрылысқа ТЭН қажет етілмейді д…

0
0
464

Мейірімділік шарасы «Сенің күнің, Донор!» акциясының Hot Blood Challenge эстафетасы

9 маусым күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестері жолдаған Hot Blood Challenge эстафетасын қабылдап, «Сенің күнің, Донор! » акциясына қатысты. Облыстық қан тапсыру орталығында лейкемия және онкология ауруымен күресіп жатқан жандарға көмек болсын деп, 50 литрдан астам қан тапсырды.Республикалық акцияны қолдай отырып, Департамент қызметкерлері еліміздегі донорлық мәселесіне қоғамның көңілін аудармақшы. Жиналған қан республикалық лейкемия аурына шалдыққан жандарды емдеу онкогематогогиялық орталыққа тапсырылатын болады.Шара соңында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері эстафетаны Манғыстау облысындағы әріптестеріне жо…

0
0
314

№85395 әскери бөлімінде «Әскерде жемқорлыққа орын жоқ» тақырыбында семинар өткізілді.

2015 жылғы 2 маусымда №85395 әскери бөлімінде Тараз гарнизонының әскери полициясы бөлімімен «Әскерде жемқорлыққа орын жоқ» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға қатысқан департаменттің басқарма басшысы Н.Нұржігітов Қазақстан Республикасының «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» басым бағыттарын түсіндіріп өтті.

0
0
386

«Халыққа қызмет көрсету орталығында» «Өз құқығыңды біл» атты акция өткізілді

2015 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» «Өз құқығыңды біл» атты акция өткізіліп, тұтынушыларға арнайы парақшалар таратылды.

0
0
349

«1 Маусым — Халықаралық Балалар күнін» тойлау барысында «Менің арманым бар» атты акциясы ұйымдастырылды

"1 Маусым - Халықаралық Балалар күнін" тойлау барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментімен "Менің арманым бар" атты акциясы ұйымдастырылды. Акция орталық саябақта өтті. Волонтерлердің көмегімен демалып журген қала тұрғындарына парақшалар таратылды.

0
0
641

Департамент қызметкерлері қуғын-сүргін мен аштық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қуғын-сүргін мен аштық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

0
0
337

«Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбындағы балалардың шығармашылық конкурсы

Балалар – ертеңіміздің келешегі ғана емес, қоғамда орын алып жатқан кемшіліктерге өз көзқарастарын білдіретін қоғамдағы күнделікті өмірдің тең құқылы қатысушылары болып табылады. Сондықтан бүгінгі таңда орын алып отырған жемқорлық мәселесі тек үлкендерді емес балаларды да толғандырады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл оьблысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Мен жемқорлыққа қарсымын» тақырыбындағы балалардың шығармашылық конкурсы осының дәлелі. Конкурсқа облыс мектептерінің 120 оқушысы қатысты. Балалар шығармашылығы конкурсы 4 номинациядан тұрды: үздік сурет, үздік фото, үздік эссе және үздік өлең. «Мен жемқорлыққа қарсымын» көрмесі үлкендердің де балалардың да назарын аударды. Оның алғашқы көрермендері Сарымолдаев аты…

0
0
2851

«Халыққа қызмет көрсету орталығында» азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау

2015 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Тараз қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында туындаған мәселелер қаралып, тиісті түсініктемелер берілді.

0
0
297

«Жемқорлыққа қарсы тәрбиенің маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Тараз қаласында орналасқан ер балаларға арналған Қазақ - түрік лицейінің 10 сынып оқушыларының арасында «Жемқорлыққа қарсы тәрбиенің маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Оқушылар жемқорлықтың түсінігі, түрлері, жауапкершілік туралы өз түсініктерін баяндап, шет елдердегі тәжірибелер туралы кеңінен талқылады.
Сонымен қатар, аталған шараға қатысқан Департамент қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларға тап болған кезде әрекет ету тәртібі және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірді.
Жастар қызықты сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

0
0
1076

«Қазіргі діни ахуал жағдайындағы дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық мәселелері» тақырыбында семинар өтті

2015 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты С.Әлібеков Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Қазіргі діни ахуал жағдайындағы дәстүрлі рухани құндылықтар және ішкі тұрақтылық мәселелері» тақырыбында өткен семинарға қатысып, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» басым бағыттары тақырыбында лекция оқыды.
Семинарға діни бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

0
0
384